Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыссыз қалған": TikTok арқылы әлемге танылған жігіт туралы не білеміз

Опубликовано:

Жігіт
Кадр: TikTok / khaby.lame

TikTok-та ерекше танымалдыққа ие болған жігіт туралы бірқатар қызықты деректі bigpicture.ru сайты назарға ұсынды.

Жұмыссыз эмигрант Хабан Лейм TikTok-та танымал болғанға дейін ішерге ас таппаған күндерді де басынан кешіргенін айтады.

Бүгінде ол TikTok-тағы ең танымал бес блогердің бірі атанып отыр.

Жігіт
Кадр: TikTok / khaby.lame

21 жастағы Хабан - шығу тегі сенегалдық Италия тұрғыны.

Айналдырған бірнеше айдың ішінде Khaby Lame лақап атымен TikTok-та таныла бастаған жігіттің бүгінде 67 миллионнан астам жазылушысы бар.

Бір қызығы, жас жігіт әнші де, биші де емес. Ол жай ғана үнсіз кейіппен өзгелердің лайфхактарын сынайтын видео арқылы танымалдыққа ие болған.

Жігіт
Кадр: TikTok / khaby.lame

The New York Times журналистері блогердің үйіне қонаққа барып, ол жайлы бірқатар қызық ақпаратты жария етті.

Хабан Сенегалда дүниеге келген. Бір жасында отбасымен Италияның Турин қаласына көшіп келген азамат 20 жыл бойы елдің азаматтығын ала алмай келген екен.

Мектептен кейін ақылы оқуға қаражаты жетпеген жігіт зауытта жұмыскер болады.

Жігіт
Кадр: TikTok / khaby.lame

Алайда пандемия кезінде зауыт жабылып, Хабан блогерлікке бет бұрады. Алғашында итальян тілінде қысқа әзілдер жариялап жүрген азаматты ешкім байқай қоймаған. Десе де еңсесін түсірмеген жас жігіт ақыры жаңа видеоларымен қаңтар айында жұрт назарына іліге бастайды.

Жігіт
Кадр: TikTok / khaby.lame

Сәуірде жазылушылар саны 10 миллионға жеткен жігіт бүгінде әлем жұлдыздарынан кем түспейтін танымалдыққа ие. Блогерді әлемдік брендтер өз жарнамасына тартуға тырысуда.

Оған АҚШ елінен азаматтық беру туралы бірқатар ұсыныс та келіп түскен екен. Бүгінде жас жігіт тезірек азаматтық алу үшін барын салып жүргенін жасырмайды.

Жігіт
Кадр: TikTok / khaby.lame

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1916641-zumyssyz-qalgan-tiktok-arqyly-alemge-tanylgan-zigit-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel