RU

2024 жылы нарықта әуе таксиі пайда болады (видео)

Әуе көлігі
Кадр: "Хабар" 24

Америка Құрама Штаттарында әуе таксиі пайда болады. Ол электр энергиясымен ұшады деп хабарлайды "Хабар" 24.

Әуе таксиін көптің назарына ұсынушылар жаңа көлік түрі қаладағы кептелісті жойып, адам тасымалдау бизнесінде үлкен бәселестік тудырады деген болжам жасап отыр.

Әуе таксиінің жылдамдығы сағатына 240 шақырымға жетеді. Толық заряды жүз шақырымға дейін жарамды. Мұндай таксиге бір мезетте төрт адам отыра алады. Ұшатын таксилер нарыққа 2024 жылы шығады.

Бүгінде бұл жоба АҚШ-тың Азаматтық авиация басқармасында тексерістен өтіп жатыр.

"Біз адамды күні-түні тасымалдай алатын көлік құралын жасадық. Әуе таксиі жолаушылар түсіру және мінгізу кезінде қуатталады. Ол жер бетінде 10 минутқа ғана бөгеледі. Біздің мақсатымыз – үлкен қалалардың, адамдардың өмір салтын өзгерту", - дейді идея авторы Адам Голдстайн.

Еске салсақ, бұған дейін смартфонға күн ұзаққа үңіліп, одан көз алмайтындар үшін "үшінші көздің" қызметін атқаратын ерекше құрылғы ойлап табылғанын жазған едік.

Одан бөлек, NASA мамандары мен жапониялық ғалымдар Жер бетіндегі тіршілік қашан жойылатынын есептеп шығарғанын жазған болатынбыз.

Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) мамандары Тохо университетінде жұмыс істейтін жапон ғалымдарымен бірге ақырзаманның нақты қай жылы болатынын анықтаған. Зерттеу нәтижесі Nature Geoscience ғылыми журналында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1917410-2024-zyly-naryqta-aue-taksii-paida-bolady-video/