Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

38 әйелі, 89 баласы бар: Әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы қайтыс болды (фото)

Опубликовано:

Чана отбасы11
Фото: twitter.com/Zoramthanga

Әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы саналған ер адам 76 жасында өмірден өтті. Зиона Чана 13 маусым күні Үндістанның Мизорам штатында дүние салған. Ол көп әйел алушылықты қолдаған деп хабарлайды BBC.

Зиона Чананың өлімін Мизорам штатының министрі Зорамтханга растап отыр. Ол марқұмның жақындарына Twitter әлеуметтік желісінде көңіл айтқан.

Дәрігерлер PTI ақпараттық агенттігіне Чананың жағдайы өз үйінде нашарлап кеткенін хабарлаған. Жексенбі күні ол ауруханаға жеткізілген алайда, ауруханаға түскен бойда ақ халаттылар оның өлімін тіркеген.

Чана диабет және гипертониямен күресіп келген екен.

Ер адамның артында 38 әйелі, 89 баласы, 36 немересі қалған. Бірақ кей деректерге сүйенсек, оның артында 39 әйелі, 94 баласы, 33 немересі және бір шөбересі қалған.

Десе де, Чананың отбасы тек жергілікті тұрғындарды ғана емес жан-жақтан ағылатын туристерді де қызықтырып отыр.

Олар Үндістанның солтүстік шығысында тұратын Чананың ауылына жанұясын көру үшін арнайы келетін көрінеді.

Үлкен отбасы 100 бөлмесі бар төрт қабатты үйде тұрады. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Чананың әйелдері оның жатын бөлмесінің жанында орналасқан жатақханада тұрады.

Зәулім үй туристер баратын штаттағы ең басты көрнекі жер болып табылады.

Чана тұрған үй11
Фото: GETTY IMAGES

Айта кетейік, бұған дейін Грузияда бір отбасында бір жылдың ішінде 20 бала дүниеге келгенін жазған едік.

Нәрестелерді суррогат аналар дүниеге әкелген. Олардың бұл қызметіне балалардың ата-анасы 80 миллионнан астам теңге жұмсаған. Бүгінде сәбилерге 16 бала күтушісі қарайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1917628-38-aieli-89-balasy-bar-alemdegi-en-ulken-otbasynyn-otagasy-qaitys-boldy-foto/

pixel