"$500 мың ұсынды": Ерекше ұзын шашқа ие ару ерлердің әдепсіз ұсыныстары жайлы жайып салды
Жарияланған күні:
Рекордтық ұзын шашқа ие украиналық ару ерлер қауымының өзіне жиі оғаш, кейде тіпті әдепсіз ұсыныстар жасайтынын көпшілікке жария етті. Айтуынша, қалталы азаматтардың бірі оның басын ақшаға тақырлауды ұсынған деп жазады Daily Mail.
Украиналық блогер әрі модель Катерина Демерс ерекше ұзын шашқа ие болуының арқасында көпшіліктің ыстық ықыласына бөленуде. Шашының ұзындығы 147 санитметрге дейін жететін ару бүгінде Ұлыбританияда тұрып жатыр.
Тоғыз жыл бұрын шашына қайшы жолатпауды ұйғарған Катерина көпшілік арасында Рапунцель деген лақап атқа ие болды.
Бойжеткен бейтаныс адамдардан жиі мақтаулар еститінін айтуда. Алайда мақтаудан бөлек, орынсыз өтініштер айтып, мазасын алатындар да баршылық екенін жасырмады.
Әсіресе ер азаматтардың арасында түрлі жағымсыз ұсыныстар жасап, тіпті қалауын орындаса қомақты қаражат беремін дейтіндер де табылады екен.
Айтуынша, бірі Катеринаның шашын қомақты ақшаға ұстап, тарағанды қаласа, енді бірі оны тақырлағысы келетін болып шықты. Жақында неміс кәсіпкері оның шашын тақырлауына рұқсат берсе, тіпті 500 мың доллар төлеуге әзір екендігін айтыпты. Ал кейбірі аурға еш ұялмастан төсек қатынасын ұсынатын көрінеді. Катерина мұндай әдепсіз ұсыныстардан бірден бас тартатынын алға тартты.
Катерина шашын аптасына екі рет жуып, қымбат косметикамен күтім жасайтынын жасырмады. Одан бөлек ұштанған шаштарын арасында қиып отыратынын айтып, шаш күтімінің құпиясымен бөлісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1918664-500-myn-usyndy-erekse-uzyn-sasqa-ie-aru-erlerdin-adepsiz-usynystary-zaily-zaiyp-saldy-foto/