RU

Қаралым үшін көшедегі бейтаныс аруды сүйіп алған жігіт оңбай опық жеді

Жігіт пен ару
Кадр: Telegram / Киев Сейчас

Киевте жас жігіт бейтаныс бойжеткенді бетінен сүйгені үшін таяқ жеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Келеңсіз жағдай Киевтің Владимирский спуск көшесіндегі жаяу жүргіншілер мен велосипед тебетіндерге арналған көпірде болған.

Өз желі парақшасына тікелей эфирде қаралым жинауды көздеген жас жігіт көпірдегі бейтаныс аруға жақындап келіп, рұқсатсыз бетінен сүйіп алады.

Бойжеткен не болғанын түсіне алмай тұрған сәтінде жақын маңдағы өзге азамат жас жігітке соққы жасап үлгереді.

Жас жігіт күтпеген жерден соққы алғаннан кейін видео үзіледі. Соққы жасаған азаматтың бойжеткенге кім болып келетіні әзірге белгісіз.

Десе де ару сүйген азаматтың әрекетін де, соққы жасаған азаматтың әрекетін де жақтыра қоймағаны бірден байқалады.

Еске салсақ, бұған дейін тұрмыстағы әйелді сүйіп алған атышулы президент ұятқа қалғанын жазған едік.

Одан бөлек, Жеңіс Ысқақова камера алдында жүргізуші жігіттің ернінен сүйіп алғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, танымал бельгиялық журналист Линд Меркпоэль тікелей эфир кезінде өзі сұхбаттасқан спортшы Стейн Стелсті абайсызда ернінен сүйіп алғанын жазған едік. Ыңғайсыз жағдай Фландрия турында болған.

Тікелей эфирде орын алған жайттың видеосына қарап, спортшы мен журналист арудың ыңғайсызданып қалғанын аңғаруға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1918986-qaralym-usin-kosedegi-beitanys-arudy-suiip-algan-zigit-onbai-opyq-zedi-video/