Адам өмірін 10 жылға қалай ұзартуға болады: Ғалым кеңес берді
Жарияланған күні:

Дәрігер әрі ғалым Федерика Амати адам өмірін 10 жылға қалай ұзартуға болатынын айтты деп хабарлайды РИА Новости.
Дәрігер Амати тұрғындары ең ұзақ өмір сүретін бес "көк" аймақты атады. Олар: Жапонияның Окинава, Италяиның Сардиния, Грекияның Икария аралдары, Коста Рикадағы Никоя жартылай аралы мен Калифорниядағы Лома-Линда ауданы.
Оның сөзінше, бұл өңірлердегі тұрғындардың ұзақ өмір сүруі олардың тамақтану режиміне байланысты. Мұндағылар тамақ ретінде жеміс, көкөніс, жармалар мен бұршақтарды тұтынып, өсімдік диетасын ұстанады.
"Осы тағамдарды күнделікті тұтыну салауатты әрі ұзақ ғұмыр кешуге мүмкіндік беретін ағзамыздың иммундық және қабынуға қарсы функцияларын жақсартуға септігін тигізеді", - дейді дәрігер.
Сонымен бірге, Федерика Амати көп қимылдауға кеңес береді. Ол күн сайын жаяу серуенге шығу керек екенін немесе физикалық жаттығулар жасау қажет екенін айтты.
Одан бөлек, ғалым тамақты тоя жемеу керек екенін атап өтті. Сөзінше, Окинава аралындағы адамдар тамақты тек 80 пайызға тойып жейді.
"Көк" аймақтағы адамдар ертерек тамақтанып алады да, содан кейін күн соңына дейін ешнәрсе жемейді", - дейді дәрігер.
Сондай-ақ, ғалым алкогольді аз ішіп, күйзеліске түсуден аулақ болған жөн деп есептейді.
Еске сала кетейік, бұған дейін 98 жастағы шымкенттік әжей ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1919011-adam-omirin-on-zylga-qalai-uzartuga-bolady-galym-kenes-berdi/