Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдырғаннан кейін коронавируспен ауырғандарға тән симптом анықталды

Опубликовано:

Коронавирусқа тексерілу
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ұлыбритания ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанына қарамастан, дертті жұқтырғандарға тән ортақ симптомды анықтады деп хабарлайды covid.joinzoe.com сайты.

Ғалымдар COVID-19 симптомдарын зерттеу үшін арнайы ZOE COVID Symptom Study қосымшасын іске қосып, оның нәтижелерін ресми сайтында жария етті.

Сарапшылар коронавирусқа қарсы вакциналардың тиімділігіне қарамастан, бұған дейін вакцина салдырғандардың да ауруға шалдығу қаупі бар екенін атап өтті. Ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, мұндай науқастарға тән ортақ симптом - жиі түшкіру.

"Коронавирустың пайда болуының негізгі белгілері - иіс сезбеу қалу (аносмия), жөтел, қызудың көтерілуі, бас ауруы және тез шаршау болғанымен, біз вакцина салдырған адамдардың денінде жиі түшкіру симптомы туындайтынын анықтадық", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, зерттеушілер вакцина салдырмаған жағдайда, жиі түшкіру коронавирустың белгісі еместігіне, әдетте бұл симптом суық тигізу немесе аллергияның белгісі деп саналатындығына баса назар аударды.

"Адамдар түшкіру коронавирусты жұқтырудың негізгі симптомы емес екенін есте ұстауы керек, сол себепті олар вакцина салдырғанына қарамастан аурудың өзге де белгілері бар-жоқтығына көз жеткізуі қажет", - дейді ғалымдар.

Зерттеушілер жоғары температура, қалтырау, қатты жөтел, аносмия, дәм сезбей қалу немесе дәмнің өзгеруі (дисгевзия) және бас ауруы коронавирусты жұқтырудың басты симптомдары болып қала беретінін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1919018-vakcina-saldyrgannan-keiin-koronaviruspen-auyrgandarga-tan-simptom-anyqtaldy/

pixel