Астан кейін ұйқы қыспау үшін не істеуге болады: Дәрігер кеңесі
Жарияланған күні:
Тойып тамақ жегеннен кейін ұйқы қыса бастағанын сезіну ғажап емес. Осы орайда дәрігер астан кейін ұйқының келуін болдырмаудың жолдарын атады деп жазады РЕН ТВ.
Дәрігер-эндокринолог Павел Баранов не себепті тойып тамақ жегеннен кейін адамды ұйқы қысатынын түсіндіріп берді.
Айтуынша, бұған гипоталамус атты мидың бөлігі жауапты. Онда сергектікке, оянуға және тәбетке жауап беретін орексин атты зат бөлінеді.
Men's Health басылымына сұхбат берген Баранов орексин метобализмнің, циркадты ырғақ пен ұйқының ағзаға әсерін анықтайтынын алға тартты. Орексин адамның аш екендігін сезінуге мүмкіндік беретін бірден бір зат екен.
Дәрігердің сөзінше, тым тойып тамақтану, әсіресе қарапайым көміртектерге бай тағамды жеу орексин мөлшерінің азаюына әкеліп соғып, сәйкесінше адамды ұйқы қыса бастайды.
Мұны болдырмау үшін эндокринолог көміртекке бай тағамдарды бірден жемей, аздаған мөлшерде күні бойы бөліп жеуге кеңес беріп отыр. Оның пікірінше, тамақ көміртектен бөлек, ақуыздар мен майларға да бай болу керек.
Еске салсақ, бұған дейін ұйқы қану үшін не істеу керектігін жазған едік. Сондай-ақ, сомнолог дәрігер жұмысқа ұйықтап қалмай, уақытылы тұру үшін оятқыш сағатты қалай дұрыс қою керегін айтып берген болатын.
Одан бөлек, адамдардың дені не себепті түсін есте сақтай алмайтыны туралы жазғанбыз.
Сонымен қатар, Бейжің ауруханасының клиникалық психология бөлімі бас дәрігерінің орынбасары Ши Хуэй тез ұйықтаудың қарапайым тәсілдерін айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1919901-astan-keiin-uiqy-qyspau-usin-ne-isteuge-bolady-dariger-kenesi/