Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ ғалымдары адамның коронавирус жұқтырғанын анықтайтын маска ойлап тапты

Опубликовано:

маска11
Фото: Хабар24

Америкалық ғалымдар ерекше маска ойлап тапты. Оның көмегімен масканы таққан адамның коронавирус жұқтырғанын анықтауға болады деп хабарлайды Хабар24.

Ерекше маска жайлы Массачусетс технологиялық институтының сайтында жарияланған мақалада жазылған.

Институт мамандары Гарвард университетіндегі әріптестерімен бірлесіп, кішкене датчигі бар маска жасап шығарған.

Оны зертханалық халаттарға және басқа да киімдерге тігуге болады.

Датчик масканы таққаннан кейін шамамен бір жарым сағат өткен соң нәтиже көрсетеді.

Осындай типтегі датчиктер бірнеше жыл бұрын дами бастаған еді. Олар бұған дейін Эбола және Зика вирустық инфекцияларын анықтау үшін қолданылған.

Еске салсақ, бұған дейін израильдік Avtipus patents and inventions компаниясының өнертапқыштары тағып алып ас ішуге болатын медициналық бетперде ойлап тапқанын жазған едік.

Олар кәдімгі медициналық масканың дизайнын өзгертіп, оған автоматты түрде немесе механикалық түрде ашылатын, адамға тамақ жеуге мүмкіндік беретін механизм енгізген екен.

Одан бөлек, Жапонияда ғалымдар бассейндер ашылып, суға түсуге рұқсат берілгендіктен, арнайы қорғаныс бетпердесін ойлап тапқан болатын.

Сонымен қатар, мексикалық иммунолог тек мұрынды жабатын маска ойлап тапқан еді.

Оның сөзінше, маска әдеттегі бетперделердің орнын толықтай алмастыра алмайды. Десе де, сусын ішу немесе жүрек жалғау кезінде таптырмас көмекші екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1920074-aqs-galymdary-adamnyn-koronavirus-zuqtyrganyn-anyqtaityn-maska-oilap-tapty/

pixel