RU

Смартфонда қандай деректерді сақтауға болмайды

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Бүгінде телефонның көмегімен жаңалық оқып, видео қарап, ақша аударып жүрміз. Сондықтан мұнда біз туралы біршама ақпарат сақталған. Оның арасында қауіптілері де болуы ықтимал. Киберқауіпсіздік жөніндегі маман Андрей Масалович RT басылымына смартфонда қандай деректерлі сақтауға болмайтыны мен телефонды қорғау жолдарын айтты деп хабарлайды Qadam.asia.

Ол ұялы телефонда кез келген ақпаратты сақтауға болатынын жеткізді  

"Пошта жәшігінде сақтауға болатын барлық нәрсені телефоныңызда да сақтауға болады. Қазір смартфондағы деректерді қорғау деңгейі пошта жәшігіңіздегі қорғаныс деңгейіне ұқсас. (Жалпы деректерді желіге қосылған смартфондарда, серверлер мен компьютерлерде сақтау мүмкін емес)", — деді сарапшы

Андрей Масаловичтің сөзінше, мобильді телефонда құпиясөздер тізімін сақтауға болмайды.

"Әртүрлі сервистерде бір ғана құпиясөзді қолданбаңыз. Жалпы құпиясөздің өзін жылына бірнеше рет ауыстырған жөн.
Негізінде несиелік карталарды ыңғайлы етіп бөлуге болады. Мысалы, қаржыңыз көп сақталған шоттағы ақшаны тек банк бөлімшесіне барып алыңыз", — дейді киберқауіпсіздік жөніндегі маман.

Ол кез келген сервиске кіргенде "мені есте сақтау" ("запомнить меня") батырмасын баспау керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, жеке куәліктің суретін телефонда сақтамай, шығарылған нұсқасын жанымызда алып жүруге кеңес берді.

Егер біреуге жеке куәлігіңіздің суретін жіберген болсаңыз, архивті өшірген дұрыс екені де айтылды.

"Смартфонның жоғалуы өте жиі тіркеледі. Оны транспорттарда ұмытып кету, біреудің ұрлап кетуі секілді жағдайлар көп кездеседі. Біле білсеңіз, смартфонның құпиясөзін анықтаймай-ақ, ондағы ақпараттарды білуге болады", — дейді Андрей Масалович.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1920857-smartfonda-qandai-derekterdi-saqtauga-bolmaidy/