Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалыңдықтың аяғы су болмас үшін оны арқалап алған күйеу жігітке ел сүйсінді

Опубликовано:

Қалыңдық
Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістанның Бихар штатында қалыңдықты арқалап алған күйеу жігіт көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді деп жазады indianexpress.com.

Белгілі болғандай, маусымдық су тасқынына байланысты жас жұбайалардың үйіне баратын жол су астында қалған екен. Десе де, күйеу жігіт үшін бұл айтарлықтай қиындық тудырмады.

Ол қалыңдығы су болып қалмас үшін оны қайықтан түскен сәтінде арқалап алып, үйіне дейін жеткізген. Жас жұбайлардың туыстары мен қонақтары күйеу жігіттің бұл әрекетін жоғары бағалап, жігітке мақтауларын жаудырған.

Тойдың видеосы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, желі қолданушылары күйеу жігіттің әрекеті романтикаға толы екенін жарыса жазуда.

Кей пікір қалдырушылар жыл сайын маусымдық су тасқынынан зардап шегіп отырған ауылдарға көмек көрсетіп, шара қолданатын уақыт келгеніне баса назар аударған.

Еске салсақ, бұған дейін Үндістандағы тойлардың бірінде көз жұмған қалыңдықтың орнына сіңілісі тұрмысқа шыққанын жазған едік.

Оқиға Үндістандағы Самаспур ауылында болған. Қалыңдық пен күйеу жігіт қорытынды "фера" той рәсіміне дайындалып жатқанда қалыңдық ойда-жоқта есінен танып қалған.

Оқиға орнына келіп жеткен дәрігер оның өлімін тіркеген. Қалыңдықтың күтпеген жерден жүрегі тоқтап қалған екен.

"Біз бұл жағдайда не істерімізді білмедік. Жанұямызбен келісе отырып, кіші қарындасымызды тұрмысқа береміз деп шештік", - дейді қыздардың ағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1921166-qalyndyqtyn-ayagy-su-bolmas-usin-ony-arqalap-algan-kuieu-bala-zurtty-suisindirdi-video/

pixel