Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 жастағы вундеркинд университетті бір жылда аяқтады

Опубликовано:

Вундеркинд
Фото: Бірінші арнаның жаңалықтар қызметі

Бельгияда 11 жастағы Лоран Симонс Антверпен университетін физика мамандығы бойынша аяқтады деп хабарлайды lenta.ru.

Лоран Симонсқа академиялық дәрежеге ие болу үшін тек бір жыл ғана жеткілікті болған. Негізінен бұл үш жыл уақытты қажет етеді.

Енді вундеркинд Фламанд университетінің магистрі атануды жоспарлап отыр. Кейінірек ол өлім жайлы зерттегісі келеді.

"Мен ағзамның біраз бөлігін жасанды мүшемен ауыстырғанды ​​қалаймын", - дейді Лоран Симонс.

Айта кетейік, бұған дейін вундеркинд Брюгге мектебіндегі толық курсты бір жарым жылда бітірген болатын. Осылайша, сегіз жасында 18 жастағы түлектермен бірге аттестат алған.

Сонымен қатар, Лоран Симонс 2019 жылы Эйндховен техникалық университетінің электротехника факультетіне оқуға түскен. Алайда оның ата-анасы мен университет әкімшілігінің арасында келіспеушілік туындап, ақыр аяғында ол оқудан шығуға мәжбүр болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық "вундеркинд" бала атанған 16 жастағы Абзал Мыраш АҚШ-тың Нотр-Дам университетінің компьютерлік ғылым және инженерия факультетінің магистратурасына түскенін жазған едік.

Осылайша ол АҚШ-тағы ең жас магистрант атанды.

Одан бөлек, Токио Олимпиадасына қатысатын 12 жастағы британиялық спортшы жайлы хабарлаған болатынбыз. Скай Браун скейтбордингтен сынға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1921171-11-zastagy-vunderkind-universitetti-bir-zylda-ayaqtady/

pixel