Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған келіншек 1 млн доллар ұтып алды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

АҚШ-тың Колорадо штатында төрт баланың анасы коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға арналған лотореядан 1 млн доллар ұтып алды деп хабарлайды РИА Новости.

Мамыр айында Колорадо губернаторы Джаред Полис штаттың вакцина салдырған бес тұрғыны миллион доллардан ұта алатын лотереяны жариялады. Ақша штатқа вакцинамен қамтуды арттыру үшін бөлінген федералдық қаражаттан алынады.

"Губернатор Полис бесінші миллион доллар иегерін жариялады. Орора қаласының тұрғыны Хейди Рассел екпе салдырғаны үшін бір млн ұтып алған соңғы Колорадо тұрғыны", - делінген штат губернаторының ресми сайтында.

"Бұл сыйлық төрт баламды өсіру үшін көп көмектеседі. Бірақ мен осы ақшаның көмегімен басқаларға қол ұшын созамын деп үміттенемін", - деп келтіреді Хейди Расселдің сөзін CBS телеарнасы.

Расселдің сөзінше, ол алған ақшамен қызының колледждегі оқу ақысын төлемек.

Еске сала кетсек, бұған дейін дәл осы лотореядан Салли Слайгер есімді келіншектің 1 млн доллар ұтып алған болатын.

Жеңімпаз енді сол ақшаның бір бөлігін зейнетақы қорына құйып, қалғанын балаларға көмектесуге жұмсамақ екен.

Айта кетейік, Америкада мұндай лотореялар тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауға ынталандыру үшін ұйымдастырылып келеді.

Одан бөлек, АҚШ-тың Огайо штатында алдағы күндері коронавирусқа қарсы вакцина салдырған америкалықтарға 1 млн доллар берілуі мүмкін екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1921405-aqs-ta-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrgan-kelinsek-1-mln-dollar-utyp-aldy/

pixel