Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Небәрі 51 сантиметр: Әлемдегі ең кішкентай сиыр анықталды

Опубликовано:

Сиыр
Фото: planetanovosti.com

Бангладештің астанасы Даккаға жақын орналасқан ауылдан әлемдегі ең кішкентай сиыр табылды деп хабарлайды "Новости планеты" ақпараттық порталы.

Жануардың бойының биіктігі небәрі 51 сантиметр, ұзындығы 66 сантиметр болғасын, ол Жердегі ең кішкентай сиыр деп танылып отыр.

Рани атты сиыр бутан тұқымына жатады. Көп жағдайда бұл жануарлар ет үшін арнайы өсіріледі. Рани бұған дейін ең кішкентай сиыр болып саналған Вечур тұқымындағы Маникьям атты сиырды шаң қаптырып отыр. Маникьям Үндістаннан табылған, оның бойының ұзындығы 61 сантиметр.

Ранидің қожайыны Хасан Ховладар сиырымен селфи жасағысы келетіндерден мезі болғанын айтуда. 7 шілдеде ол Рани туралы жергілікті телеарналар мен газеттер хабарлағаннан кейін үш күннің ішінде сиырды көруге 15000-нан астам адам келгенін алға тартты.

Ветеринар Саджедул Ислам Ранидің кішкентайлығын генетикалық тұрғыдан түсіндіруге болатынын айтып отыр. Ол сонымен қатар сиырдың бойының өсуі толығымен тоқтағанын мәлімдеді.

Гиннестің рекордтар кітабына Кішкентай Раниді енгізу туралы шешім алдағы 90 күн ішінде қабылданатын болады.

Еске салсақ, бұған дейін әлемдегі ең ұзын тілге ие жігіт рекорд орнатқанын жазған едік.

Одан бөлек, АҚШ тұрғыны әлемдегі ең үлкен ауызға ие болуының арқасында әлемдік рекорд жаңартқанын жазған болатынбыз. Жасөспірімнің аузына бейсбол добына дейін оңай сыйып кететіні талайды таңырқатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1921966-nebari-51-santimetr-alemdegi-en-kiskentai-siyr-anyqtaldy/

pixel