Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арманындағы той көйлегін киген кейуана көптің көңілін босатты

Опубликовано:

Кейуана
Кадр: Twitter / ABC News

АҚШ-та 94 жастағы кейуана арманындағы той көйлегін киіп, көшіліктің көңілін босатты деп хабарлайды ABC News өзінің Twitter парақшасында.

1952 жылы тұрмысқа шыққан Марта Мэй Офелия Мун Такер тойда ақ көйлек киюді армандайды. Алайда, Бирмингемде (Алабама, АҚШ) өмір сүретін Марта, сол жылдары қара нәсілді әйелдерге той көйлегі дүкендеріне кіруге тыйым салынғандықтан, бұл арманы орындалмай қалғанын айтуда.

Нәтижесінде Мартаға көйлекті (сәнді болғанымен, ақ көйлек емес) өзгеден уақытша сұрап алуға тура келген. Тойда ақ көйлек кию арманы Мартаны көптеген жылдар бойы мазалап келген.

94 жастағы кейуананың көкейінде жүрген бұл арманы немерелерінің арқасында шындыққа айналды. Отбасы үшін талай құрбандыққа барғанын ұмытпаған немерелері әжесін қалыңдық салонына апарған.

Салонда кейуана өзі армандаған көйлекті киіп көреді. Мартаның қуанышы қойнына сыймай тұрған сәтінен түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап, көбі оны әлемдегі ең әдемі қалыңдық деп атаған.

Еске салсақ, бұған дейін Колумбияда келінінің той көйлегін рұқсатсыз киіп алған енесі оны жыртып қойғаны туралы жазған едік.

Одан бөлек, Қытайда қалыңдықтың құрбысы ретінде көйлекпен келген жас жігіттер жұртты таңырқатқанын жазған болатынбыз. Қалыңдықтың құрбылары кейпіне барынша енуге тырысқан жігіттер, тіпті парик киіп шығудан тайынбаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1922309-armanyndagy-toi-koilegin-kigen-keiuana-koptin-konilin-bosatty-video/

pixel