Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тіл алмаған 13 жастағы қызын елсіз аралға қалдырып кеткен ата-ана жаға ұстатты (фото)

Опубликовано:

Қыз бала
Фото: newsbeezer.com

Қытайдың Шаньдун провинциясында ерлі-зайыптылар 13 жастағы қызын тіл алмағаны үшін айдаладағы елсіз аралға тастап кеткен деп жазады newsbeezer.com сайты.

Абырой болғанда, жасөспірім қызды балықшы байқап қалған. Балықшы көмек сұрап айқайлаған қыздың дауысын естігесін, дереу полицияға хабарлапты.

Белгілі болғандай, ол екі күн бойы аралда күнелткен. Жылыну үшін от жағуға мәжбүр болыпты.

Қыз
Фото: newsbeezer.com

Полиция қызметкерлері қызды үйіне алып келгенде ата-анасының оны тіл алмағаны үшін әдейі елсіз аралда қалдырып кеткенін анықтаған. Оларға баласының үнемі тамақ сұрайтыны, үй шаруасына көмектеспейтіні және жақсы оқымағаны, содан кейін мектепті мүлде тастап кеткені ұнамаған екен.

Қыздың әкесі
Қыздың әкесі. Фото: newsbeezer.com

Нәтижесінде қыздың ата-анасы оны тілазарлығы үшін осылайша жазаламақ болыпты. Олар біршама күннен соң қызды аралдан алып кетуді жоспарлағанын, тіпті қызына қатты қиналмауы үшін су мен печенье қалдырып кеткенін және оны сырттай бақылап жүретін тәжірибелі адамды жалдағанын айтады.

"Адамдар бізді қатыгез деп санаса да, менің қызым соңғы екі күнде қатты өзгерді. Ол бұрын бейтаныс адамдармен сөйлесуге ұялатын, қазір кез келгенімен тіл табыса алады", - дейді қыздың әкесі.

Жергілікті полиция қызметі қыздың ата-анасын бұл әрекеті үшін сынға алып, олардан үлгі алмауға шақырды. Полицейлер балаға қауіп төндіретін кез келген әрекеттен аулақ болу керектігін ескертуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1922323-til-almagan-13-zastagy-qyzyn-elsiz-aralga-qaldyryp-ketken-ata-ana-zaga-ustatty-foto/

pixel