Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Канадалық ғалымдар қан тоқтатуға арналған желім ойлап тапты

Опубликовано:

қан
Көрнекі фото: pixabay.com

Канададағы Батыс Онтарио университетінің ғалымдары қан кетуді тоқтата алатын желім жасап шығарды деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, препараттың негізгі құрамы - ланцегол жыландарының уынан бөлінетін батроксобиннен тұрады.

Дәрігерлер бұл затты гидрогельмен араластыра отырып, хирургиялық операциялар кезінде қан кетуді тоқтату үшін қолданады. Тәжірибе кезінде оны жарықта қататын арнайы желатин құрамына қосқан.

Кеміргіштерге зерттеу кезінде ғалымдар жараны 45 секундта бітей алған. Осылайша қан жоғалту 78 пайызға төмендеген.

Препарат кесілген жерлерге, қолқаның жарылуына және бауырдың зақымдануы кезінде қолдану үшін тиімді екендігі дәлелденген.

Желімді ойлап табушылар кейбір өзгертулерден кейін өздерінің өнертабысы барлық жерде қолданылатын болады деп үміттенеді. Бұл аппликаторы бар түтікке салынған дәрі болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ ғалымдары адамның коронавирус жұқтырғанын анықтайтын маска ойлап тапқан болатын.

Ерекше маска жайлы Массачусетс технологиялық институтының сайтында жарияланған мақалада жазылған.

Институт мамандары Гарвард университетіндегі әріптестерімен бірлесіп, кішкене датчигі бар маска жасап шығарған.

Оны зертханалық халаттарға және басқа да киімдерге тігуге болады.

Датчик масканы таққаннан кейін шамамен бір жарым сағат өткен соң нәтиже көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1923097-kanadalyq-galymdar-qan-toqtatuga-arnalgan-zelim-oilap-tapty/

pixel