Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та 4 миллионнан астам бала коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 4 миллионнан астам бала COVID-19 індетіне шалдыққан деп хабарлайды Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

ВАК мәліметінше, балалар да ересектер секілді коронавирус инфекциясын жұқтыруға бейім келеді. Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 4 миллионнан астам бала COVID-19 індетіне шалдыққан. Бұған америкалық Педиатрия академиясы мен балалар ауруханалары қауымдастығының есебі дәлел.

Хабарламада айтылғандай, өткен аптада балалар арасында 23,5 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелген. АҚШ-та COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың жалпы санының 14,2% пайызын балалар құрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Денсалуық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі 12-18 жастағы балаларға вакцина салу мәселесін сөз еткенін жазған едік.

Цойдың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі қазан айынан бастап Pfizer вакцинасын қазақстандықтарға қолжетімді етпек. Министр аталмыш вакцина бірінші кезекте балаларға салынады деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

"Бірінші кезекте біз Pfizer вакцинасын 12-18 жастағы балалардың иммунитетін қалыптастыру үшін қолдануды жоспарлап отырмыз. Бұл осы жастағылар үшін қолдануға рұқсат етілген жалғыз вакцина. Статистикаға сүйенсек, бізде осы жастағы балалардың саны екі миллионнан сәл асады", - дейді Цой.

Осы орайда, министр балаларға вакцина салдыру ерікті түрде жүзеге асырылатынына баса айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1923478-aqs-ta-4-millionnan-astam-bala-koronavirus-zuqtyrgan/

pixel