Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гаити президентін өлтірді деген күдіктілер АҚШ-тың әскери бағдарламаларында оқыған

Опубликовано:

Әкерилер
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс Гаити президентін өлтірушілер АҚШ бағдарламалары бойынша әскери дайындықтан өткенін айтты деп хабарлайды РИА Новости.

Гаити президенті Жювенель Моизді өлтірді деген алты күдікті АҚШ әскери бағдарламалары бойынша дайындықтан өткені белілі болды. Күдіктілер оны Колумбияда әскерде болған кезде үйренген.

"Мемлекеттік департамент пен қорғаныс министрлігі бұрын Колумбия әскери күштерінде жүргенде АҚШ-тың әскери бағдарламалары бойынша оқудан өткен қастандыққа қатысы бар болуы мүмкін алты қатысушыны анықтады", - деді Нед Прайс.

Еске сала кетейік, бұған дейін 7 шілдеде белгісіз біреулер Гаити президенті Жовенель Моиздің резиденциясына шабуыл жасағанын жазған едік. Мемлекет басшысы алған жарақатынан қайтыс болды. Ол 53 жаста еді.

Моиз резиденциясына сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні белгісіз адамдар тобы шабуыл жасаған. Олардың кейбірі испан тілінде сөйлеген.

Сонымен бірге, Моиздің өліміне қатысты ұсталған күдіктілер президентке не себепті шабуыл жасағандарын түсіндіріп берген болатын.

Ұсталғандардың арасында Джеймс Солаж және Жозеф Венсан есімді екі америкалық азамат болған. Олардың айтуынша, шабуыл жасау барысында президентті өлтіру жоспарда болмаған.

"Жалданған азаматтардың мақсаты президент Моизді өлтіру емес, оны тергеу судьясының санкциясы бойынша тұтқындау болды", - дейді судья Клеман Ноэль.

Сондай-ақ, Гаити президентінің өліміне күдіктілер саны 23-ке жеткені хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1923564-gaiti-prezidentin-oltirdi-degen-kudiktiler-aqs-tyn-askeri-bagdarlamalarynda-oqygan/

pixel