Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жыныстық қатынасқа жол жоқ": Токиодағы "қағаз" төсектер спортшыларды таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Диапазон

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан жазғы олимпиаданы ұйымдастырушылар спортшылар арасында сексуалдық қатынасты болдырмау үшін арнайы "қағаз" төсектер дайындаған деп хабарлайды Диапазон басылымы.

Басылымның мәліметінше мұндай төсектер ағаш пен картон қағаздан жасалған екен. Дереккөзде жарияланған видеода спортшылардың өз бөлмелерін көрсеткенін анық көруге болады.

"Міне көрдіңіздер ме, мынау біздің номер. Мынау әжетхана, ал мынау кағаздан жасалған төсек. Естідіңіздер ме, қағаз кереует. Мынаны да қазір бір соқсам, құлатайын деп тұрмын. Бірақ терезеден көрінетін көріністі сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Олимпиадалық қалашық деп осыны айт",-деп түсіндіреді видео авторы.

Белгілі болғандай мұндай төсектер егер оның үстінде қатты қимылдамаса, 200 келіге дейінгі салмақты көтере алатын көрінеді.

Жапондықтар мұндай керуеттерді ақша үнемдеу үшін, әрі "қажетсіз физикалық жақындасулардың алдын алу" үшін жасағандығын айтқан.

Еске салсақ, бүгін Жапония астанасы Токиода XXXII Олимпиада ойындары басталды. 2020 жылы өткізіледі деп жоспарланған спорт додасы, былтыр пандемияға байланысты бір жыл кейінге шегерілген еді.

Токиодағы жазғы олимпиада ойындары биыл шілденің 23-і мен тамыздың 8-і аралығында өтпек. Күллі әлемнен жиналған спортшылар онда спорттың 33 түрі бойынша барлығы 339 медальді сарапқа салады деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ биыл жазғы олимпиада ойындары бағдарламасына софтбол, каратэ, серфинг, шыңға шығу және скейтбординг сынды спорттың жаңа бес түрі енгізілді.

Қазақстан құрамасы Токиодағы олимпиада ойындарында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензияға қол жеткізген еді.

Сонымен бірге Дәурен Абаев олимпиаданы қазақстандықтар көруі үшін, биліктің Токио тарапымен келіссөздер жүргізіп жатқандығын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1923620-zynystyq-qatynasqa-zol-zoq-tokiodagy-qagaz-tosekter-sportsylardy-tangaldyrdy-video/

pixel