Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теледидарды көп көретін жандар түсінде жиі бастырылатын болып шықты

Опубликовано:

Теледидар
Көрнекі сурет: Pixabay

Гарвард медициналық мектебінің ғалымдары теледидарды көп көретін адамдар түсінде жиі бастырылып, көп қорылдайтынын анықтады деп жазады "Доктор Питер" басылымы.

Зерттеуге физикалық белсенділігі мен денсаулық дәрежесі әр түрлі адамдар іріктеліп алынған.

Аталған зерттеу жиырма жылға жуық уақыт бойы жүргізілген. Ғалымдар 138 мың адам, оның ішінде 118 597 әйел мен 19 320 ер адамның белсенділігі мен денсаулығына бақылау жасаған.

Зерттеу басталғанға дейін олардың ешқайсысы ұйықтаған кезде апноэ яғни бастырылудан зардап шегетінін айтпаған. Ал жоба аяқталғанда бұл дерт 8 733 қатысушыдан анықталыпты.

"Біз әр екі-төрт жыл бойы физикалық белсенділікті, теледидар алдында және жұмыста өткізетін уақытты бақыладық", - дейді зерттеу тәсілдеріне тоқталған Гарвард мектебінің ғалымдары.

Мамандар зерттеу арқылы физикалық белсенділікке көп уақыт бөлетін қатысушылар арасында қорылдау және түсінде бастырылу (апноэ) көп кездеспейтінін анықтаған. Мәселен, аптасына үш рет жүгіретін жандардың апноэға шалдығу қаупі 54 пайызға кеміген.

Ал отырып жұмыс істейтіндерде, бұл көрсеткіш, керісінше, 49 пайызға артқан. Алайда теледидар алдында көп отыратындар арасында бұл дертке шалдығатындар 78 пайызға тең болып, рекорд орнатқан.

"ДДСҰ ұсыныстарына сай өмір сүретін, аптасына 150 минуттан кем емес уақытын белсенді түрде өткізетін, теледидар алдында отырмайтын қатысушылардың апноэға шалдығу қаупі төмен болды", - дейді Гарвард медицина мектебінің эпидемиологы Тяньи Хуанг.

Одан бөлек, ғалымдар теледидар алдында көп отыру адамдардың дұрыс тамақтанбауына да алып келетінін айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1923676-teledidardy-kop-koretin-zandar-tusinde-zii-bastyrylatyn-bolyp-syqty/

pixel