Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орамал тағып алған": Емтиханға сүйіктісінің орнына кірген жас жігіттің басы бәлеге қалды (фото)

Опубликовано:

Орамал
Орамал таққан адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сенегал университетінің студенті әйелдерше киініп, сүйіктісінің орнына ағылшын тілінен емтихан тапсырған. Жігіттің әрекеті үш күннен соң әшкере болып, ол қамауға алынды деп жазады Pulse.

Қызыл көйлек киіп, орамал таққан Хадим Мбупаның суреті әлеуметтік желілер мен Сенегалдың бұқаралық ақпарат құралдарында тез тарап кетті.

22 жастағы жігіт махаббаты үшін заң бұзғанын мойындады. Ол сүйіктісі ағылшын тілінен емтихан тапсыруға қиналып жүргенін байқап, оның орнына сынақтан өтпек болған.

Хадим
Сүйіктісінің орнына емтихан тапсырмақ болған Хадим Мбупа. Фото: pulse.sn

Хадим ойын жүзеге асыру үшін орамалдың астынан парик киіп, тіпті сырға мен төстартқыш тағудан және бетін бояудан тайынбаған.

Жігіт үш күн бойы айласын асырып, бақылаушылар мен өзге бакалавр дәрежесіне үміткерлер қулықты байқай қоймаған. Десе де, жігіттің әрекеті ақыры әшкере болып, ол сүйіктісімен қоса істі болды.

2 тамызда Хадим емтиханда алаяқтыққа барды деген айыппен сот алдына келді. Оның сыбайласы болды деген айыппен 19 жастағы Ганга Диум есімді сүйіктісі де сотта жауапкершілікке тартылатын болды.

Оларға оқудан шығару, 5 жылға дейін мемлекеттік емтихандарға қатысуға тыйым салу, жоғары оқу орнына түсуге уақытша немесе тұрақты тыйым салу, айыппұл, тіпті 1 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Еске салсақ, осыған ұқсас жағдай Қазақстанда да болған еді. Оңтүстік Қазақстан облысында әйелдерше киініп, ҰБТ-ға кірген жігіт табан асты сүйіктісін алмастырмақ болған интернет романтигі атанған болатын.

Алайда ол кейін шын мәнісінде бойжеткенді танымайтынын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1925418-qyzyl-koilek-kiip-oramal-taqqan-zas-zigit-emtixanga-suiiktisinin-ornyna-kirip-aldy-foto/

pixel