Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Брэд Питтен айнымайтын азамат жеке өмірінде мүлде жолы болмай жүргенге шағымданды

Опубликовано:

Натан
Фото: bradpitt_lookalike

Ұлыбританияда тұратын 35 жастағы азамат Брэд Питке ұқсастығының салдарынан жеке өмірінде жолы мүлде болмай жүргенге шағымданды деп жазады Mirror басылымы.

20 жасынан бастап танымал актерден айнымайтыны үшін көпшіліктің назарына іліккен Натан Мидс бүгінде Оксфордта тұрады.

Жасы 35 келген азамат Брэдтің "егізі" ретінде агенттіктердің бірінде нәпақасын тауып жүр.

Ал негізгі мамандығы - құрылысшы.

Натан ешқандай арнайы диета ұстанбайтынына қарамастан, денесі шымыр, сымбатына қызығатындар көп.

Ер адам жұлдызға ұқсауы жеке өміріне кесірін тигізгенін жасырмады. Өз махаббатын таба алмай жүрген азамат - бүгінде жалғызбасты әке.

Айтуынша, танысу сайттарында нәзік жандылар оған сенбестікпен қарап, тіпті Брэд Питтің суретін өз профиліне жүктеген алаяқ ретінде қабылдайды екен.

Ал сеніп, кездесуге келіскендердің дені Натанның өзіне емес, оның "жұлдызды" келбетіне ғана қызығатын көрінеді.

Десе де екі қыздың әкесі атанып отырған азамат балаларымен өмірі мәнді екенін, тіпті "өз Анджелинасын таппай" өтсе де, өзін бақытты жан санайтынын алға тартып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін әйгілі Киану Ривздан айнымайтын оралдық жігіт желі жұлдызына айналғанын жазған едік.

Одан бөлек, Өзбекстан астанасы Ташкенттен қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің "егізі" табылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Қырғызстанда ел президенті Садыр Жапаровтан айнымайтын тараздық жігіт білім алып жүргенін жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1925450-bred-pitten-ainymaityn-azamat-zeke-omirinde-mulde-zoly-bolmaganyna-sagymdandy-foto/

pixel