Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пандемия қашан аяқталады: Астролог болжамы

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

25 жылдық тәжірибесі бар танымал астролог Михаил Чистяков "Доктор Питер" басылымына сұхбатында пандемияның қай уақытта аяқталуы мүмкін екеніне қатысты жорамалын назарға ұсынды.

Астрологтың айтуынша, пандемия аяқталмай жатқанына Күн жүйесіндегі ең үлкен планета Юпитер әсер етуде.

"2021 жылдың маусымында Юпитер ретроградтық күйге түсті, яғни ол әдеттегіген қарама-қарсы бағытта қозғала бастап, пандемияның үшінші толқыны басталды. Біз Юпитердің бұрынғы бағытына оралуын күтуіміз керек (бұл ағымдағы жылдың қазан айында болады), содан кейін ол өзі үшін жақсы болып табылатын "Балықтар" белгісіне көшеді (бұл Жаңа жылдың алдында болады)", - деп түсіндіреді Михаил Чистяков.

Маман десе де коронавирусты толық жеңуге әлі бірнеше жыл қажет екендігін айтады.

"Болжам бойынша, бізге тағы үш жыл күту керек. 2024-2025 жылдары транссатурндық үш планета - Уран, Нептун және Плутон - белгілерін өзгертеді. Денсаулыққа деген көзқарас қана өзгеріп қоймайды, барлығы өзгереді - тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде адам өмірі өзгереді. Шындығында, аз ғана күту қалды.

Бірнеше жыл бұрын мен шетелге шықпаған болсаңыз, асығыңыз, себебі шекаралар жабылады деп болжам жасаған едім. Мен бұл пандемияға байланысты болатынын мүлде білмеген едім, бірақ солай болды. Шекаралар (барлығы емес) 2022 жылы ашылады. Сондықтан көңіліңізді түсірмеңіз", - дейді астролог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1925924-pandemiya-qasan-ayaqtalady-astrolog-bolzamy/

pixel