Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда ер адамның құлағында құлаққап жарылып кетті

Опубликовано:

Телефон мен құлаққап
Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістанда сымсыз құлаққап арқылы сөйлесіп жатқан жігіт қайтыс болды деп хабарлайды ixbt.com.

Басылымның жазуынша, қайғылы оқиға Раджастан штатында болған.

Құлаққап 28 жастағы Ракеш Кумар Нагардың құлағында жарылған. Салдарынан ер адам есінен танып қалған. Оны ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер жігіттің қайтыс болғанын анықтапты.

Алдын ала болжам бойынша жас жігіттің жүрегі тоқтап қалған.

Белгілі болғандай, ер адам қуатталып жатқан смартфонға қосылып тұрған құлаққапты пайдалаған. Жарылысқа құрылғының сапасы немесе электр қуатының жоғарылауы себеп болуы мүмкін.

Осы ретте құлаққаптың қай брендке тиесілі екені хабарланбады. Дегенмен, құлаққапты жергілікті өндірушілер жасағаны белілі болып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Таиландта құлаққап тағып, телефонын қуаттаған ер адам тоққа түсіп көз жұмғанын жазған едік.

Болжам бойынша 35 жастағы Супакхет Сарабун есімді ер адам қуаттаушы құралғы қосылған телефоннан құлаққап арқылы музыка тыңдап жатқан кезде тоққа түскен.

Одан бөлек, Киевте құлаққапта болған 17 жастағы қызды пойыз қағып кеткенін хабарлаған едік.

Алдын-ала болжам бойынша, марқұмның құлағында құлаққап, басында капюшон болған. Дәл осы себептен ол жақындап қалған пойызды көрмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1926381-undistanda-er-adamnyn-qulagynda-qulaqqap-zarylyp-ketti/

pixel