Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алманың салмағындай ғана": Әлемдегі ең кішкентай нәресте ауруханадан шығарылды (фото)

Жарияланған күні:

Нәресте
Фото: KWEK FAMILY

Әлемдегі ең кішкентай нәресте саналатын қыз бала 13 айға созылған емдеу шараларынан кейін Сингапур ауруханасынан шығарылды. Бұл туралы BBC хабарлайды.

Басылымның жазуынша, жүктіліктің 25-апталығында денсаулығы сыр берген әйелді дәрігерлер босандырып алуды ұйғарған.

Себебі нәрестенің анасына өмірне қауіпті төндіретін жоғары қан қысымы - преэклампсия диагнозы қойылған. Осыдан кейін ол босану мерзімінен төрт ай бұрын шұғыл кесар тілігін жасатуға мәжбүр болған.

Дүниге салмағы небәрі 212 грамм, ал бойы 24 сантиметр болатын қыз бала келген. Салыстырар болсақ, 212 грамм бар болғаны бір алманың салмағына тең.

Жаңа туған нәресте ауруханада 13 ай бойы ем қабылдаған. Оның еміне шамамен 270,5 мың АҚШ доллары кеткен. Ата-анасы мұндай қаражатты краудфандинг науқаны арқасында төлей алған.

Нәресте
Фото: NUH, SINGAPORE

Бүгінде қыз баланың салмағы 6,3 келіге жеткен. Дәрігерлер сәбидің денсаулығы жақсарғанын айтады. Ол өзін жақсы сезінеді, сол себепті оны ауруханадан шығаруға шешім қабылданған.

Оған ата-анасы Квек Ю Сюань есімін берген.

Ю Сюань әлі күнге дейін өкпенің созылмалы ауруымен ауырады және арнайы құрылғының көмегімен дем алады. Десе де, дәрігерлер уақыт өте келе нәресте дертінен толықтай айығатынын айтады.

Айта кетсек, 2018 жылы Айова Университетінің ең кішкентай балаларды тіркеу журналына АҚШ-та дүниеге келген салмағы 245 грамдық қыз бала енген болатын.

Одан бөлек, бұған дейін ресейлік дәрігерлер анасы босанып жатқанда ішіндегі нәрестеге ота жасағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1926391-salmagy-nebari-212-gramm-alemdegi-en-kiskentai-nareste-auruxanadan-sygaryldy-foto/