RU

Америкалық диетолог ұйқыны жақсартатын сусынды атады

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Америкалық диетолог-дәрігер Холли Кламер түнгі ұйқыны жақсартуға көмектесетін сусынды атады деп жазады Lenta.ru.

Маманның сөзінше, егер үнемі шие шырынын ішетін болса, онда ұйқы жақсарады.

"Ұйықтар алдында осы шырынды ішсе, тез ұйықтауға көмектеседі. Өйткені, оның құрамында ұйқы мен сергектік циклін реттеуге көмектесетін мелатонин гормоны бар", - дейді Кламер.

Холли Кламер бұл мәлімдемеге зерттеу қорытындысы негіз болғанын айтады. Зерттеу барысында қатысушылар апта бойы шие шырынын ішкен. Нәтижесінде жеті күннен кейін олардың ұйқысы айтарлықтай жақсарған.

Осы ретте дәрігер ұйқы алдында шие шырынын ішкен кейбір адамдар түнде дәретханаға баруы мүмкін екенін атап өтті. Егер осындай жағдай болса, онда маман рационға жаңа піскен шиені қосуға кеңес береді.

Бір шыныаяқ шиеде мелатониннен бөлек, калийдің тәуліктік нормасының жеті проценті бар, бұл адамның жақсы ұйықтауына көмектеседі.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік диетолог-дәрігер Андрей Бобровский аптап ыстық кезінде шөлді басу үшін қандай сусындар пайдалы екенін айтқан еді.

Оның сөзінше, шөлді басу үшін қарапайым суды ішкен дұрыс. Оған қандай да бір жемістерді қосып, дәмдірек етуге де болады.

Ал тәтті газдалған сусындар мен шырындарды керісінше ыстық күнде ішпеген дұрыс.

Одан бөлек, америкалық диетолог Бриттани Любек газдалған сусынның миға қауіпті екенін ескерткен еді.

Айтуынша, газдалған сусындағы кофеинді үнемі қолдану мидағы химиялық өзгерістерге әкелуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1926418-amerikalyq-dietolog-uiqyny-zaqsartatyn-susyndy-atady/