Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түшкірсең жұрт қорқады": Маусымдық аллергия мен COVID-19-ды қалай ажыратуға болады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда соңғы уақытта аллергологиялық орталыққа жүгінетіндердің саны күрт көбейіп кеткен. Дәрігерлер, көпшілік аллергиядан емес, ковидке қарсы екпе салдырғаннан кейін халіміз не болады деп қорқатынын жасырған жоқ. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, маусымдық аллергия мен вирустың "дельта" штамы өршіп тұрғанда оларды ажырату оңай емес екен. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алматы қаласының тұрғыны Салтанат Хасенова көктемде басталған аллергиясы қара күзде бірақ басылатынын жеткізді.

Оның сөзінше, аллергияның кесірінен ковидке қарсы екпені де салдыра алмай отыр.

Әйел осы жылы аллергиясы ерекше асқынып, ішіп жүрген дәрілерінің көмегі тимегенін жасырған жоқ. Жиі әрі ұзақ түшкіретін Салтанат айналадағы адамдар менен көп үрейленетіні ыңғайсыздық тудырады дейді.

"Менің аллергиям көктемнің соңынан басталады, мұрным бітеліп, көзім жасаурап, тамызда әбден дем ала алмай қаламын. Сондықтан, әзірше вакцина қоюға менде мүмкіндік болмай тұр", - деді алматылық ару.

Маусымдық аллергия мен ковид қатар өршіп тұрған кезде диагнозды үй жағдайында дене қызуына қарап қана ажыратуға болады. Себебі дәрігерлер кей жағдайда аллергиясы бар адамдардың өзінде құрақ жөтел мен ентікпенің болатынын жоққа шығармайды. Ал жұрт жаппай екпе салдыруға кіріскенде, республикалық Аллергологиялық орталығына келушілер күрт көбейіп кетіпті, бірақ екпе салдыруға болмайды деген анықтама жаппай беріле бермейді, дейді олар.

"Қазір маусымдық аллергия емес, басқа да аллергиясы бар адамдар да вакцина маған бола ма, болмай ма деген сұрақтарын қойып жатыр. Халықтың арасында қорқыныш сезім бар. Анамнезенде бұрын ауыр түрде реакциялар болса анафилактикалық шок, Стивен-Джонсонс синдромы, Лайелл синдромдар бар, олар өте ауыр аллергиялық реакцияларға жатады. Бұндай жағдайда тұрақты түрде екпеге қарсы көрсетілім деп жазып береміз", - деді Республикалық аллергология орталығының аллерголог-дәрігері Жанат батырбаева.

Мамандар екпе салуға болмайды деген анықтаманы кем дегенде бір айға беретінін алға тартты. Бірақ оған дейін иммуноглобулинге сынама тапсырып, аллерголог-маманның қабылдауында болу міндетті. Ал аллергияның аса ауыр түрлері саналатын Стивен-Джонс пен Лайелл синдромдары кезінде де адамның дене қызуы бірден 40 градусқа дейін көтеріледі екен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1926579-tuskirsen-zurt-qorqady-mausymdyq-allergiya-men-covid-19-dy-qalai-azyratuga-bolady/

pixel