Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нигерияда бір отбасының 24 мүшесі тамақтан уланып қайтыс болды

Опубликовано:

ас
Көрнекі фото: pixabay.com

Нигерияның Сокото штатында 26 адамнан тұратын жанұяның 24 мүшесі бір мезетте қайтыс болды. Олардың жаппай көз жұмуына тамақтан улануы себеп болған деп жазады Известия.

Бұл қайғылы оқиға туралы штаттағы денсаулық сақтау мәселелері бойынша уәкіл Али Иннаме айтып берген.

Белгілі болғандай 9 тамыз, дүйенбі күні отбасы тамақ әзірлеп жатып, байқаусызда ас тұзының орнына химиялық тыңайтқышты салып жіберген.

"Өкінішке қарай, осы тамақты жеген бүтін бір отбасы қайтыс болды. Тек астың дәмін татып көрген екі әйел ғана аман қалған. Олар қазір ем қабылдап жатыр. Екеуінің де сауығып кетуге мүмкіндігі бар", - дедйі дәрігер Али.

Медицина қызметкері адамдарға осы қайғылы оқиғадан сабақ алып, химиялық заттарды көпшіліктің қолы жетпейтін жерде сақтауға кеңес беріп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 60-тан астам адам уланып, біреуі қайтыс болған еді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Садуақас Байғабыловтың айтуынша, 63 адам үлкен дәреттің бұзылуына шағымданған басқа белгілері байқалмаған.

Оған қоса, 3 маусым күні Атырау облысы Қарабатанда салынып жатқан газхимия кешеніндегі "BazisConstruction" ЖШС-нің 23 жұмысшысы асханада түскі астан уланып қалған еді.

Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала диагноз – тағамдық токсикоинфекция. Уланғандардың ең кішісі 20 жаста, ең үлкені 49 жаста.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1926695-nigeriyada-bir-otbasynyn-24-musesi-tamaqtan-ulanyp-qaitys-boldy/

pixel