Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаш бояту үшін сұлулық салонына барған әйелдің бет-аузы ісіп кетті

Опубликовано:

Шаш бояу1
Көрнекі фото: pixabay.com

Лондон тұрғыны сұлулық салонына барып шашын боятамын деп, салдарынан денсаулығы нашарлағанын айтты деп жазады Lenta.ru.

23 жастағы Шейлин Гартли шашын боятып, сәндеу үшін жергілікті сұлулық салонына барған.

Оның айтуынша, процедурадан кейін келесі күні таңертең сол көзін аша алмай қалған. Денсаулығы нашарлағанын сезген бойжеткен дәрігерлерге жүгінген. Олар Шейлинге гистаминге қарсы препараттар мен антибиотиктер жазып берген.

Шейлин Гартли
Шейлин Гартлидің шаш бояуға дейінгі және кейінгі түрі. Фото: Kennedy News and Media

Біраз уақыттан кейін Шейлиннің бет-аузы ісіп кеткен.

"Ісік басымның жоғарғы жағынан басталып, кеудеге дейін жетті. Келбетім өзге ғаламшардан келген әлдебіреуге ұқсап қалды. Басымның қышуы мен қызуды басу үшін мұз салынған пакеттерді жамылып жатуға мәжбүр болдым", – дейді ол.

Шейлин Гартли
Көрнекі фото: Kennedy News and Media

Медицина мамандарының араласуының арқасында, Шейлиннің диагнозы белгілі болған. Дәрігерлер оның шашты бояу өнімдерінің құрамына кіретін парафенилендиаминге аллергиясы бар екені анықтаған.

Қазіргі уақытта Шейлин Гартли толықтай жазылған.

Өз басынан өткен жайттан соң бойжеткен қыз-келіншектерге мұндай процедураларға барудан бұрын әрдайым аллергияға тест тапсыруға шақырып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық лор дәрігер Злата Паручикова тырнақ бояулары қатерлі ісік ауруына алып келуі мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан болатын.

Маман бояудың тырнаққа ауа жібермеуі түрлі аурулардың туындауына әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1926822-sas-boyatu-usin-sululyq-salonyna-bargan-aieldin-bet-auzy-isip-ketti/

pixel