Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар коронавирустың әңгімелесу кезінде де жұғатынын анықтады (фото)

Опубликовано:

Тұрғындар
Көрнекі сурет: pixabay.com

Сингапур ұлттық университетінің ғалымдары COVID-19-дың жөтелу немесе түшкіру кезінде ғана емес, әңгімелесу кезінде де жұғатынын анықтады деп хабарлайды The Straits Times.

Зерттеу авторларының бірі, профессор Пол Тамбая тыныс алу, сөйлеу және ән айту процесінде ұсақ бөлшектер пайда болатынын түсіндірді, олардың мөлшері максимум бес микрометрге жетеді.

Мұндай кішкентай бөлшектерде үлкен бөлшектерге қарағанда вирустық компоненттер көп болады дейді ол.

Профессор Кристин Коулман коронавирустың қауіпті бөлшектері көбіне науқастардың өзгемен әңгімелесуі кезінде таралатынын анықтаған. Ғалымның айтуынша, бұл әңгіме кезінде дауыстың еріксіз жоғарылауымен байланысты.

Зерттеу
Зерттеу жүргізу барысы. Фото: NATIONAL UNIVERSITY OF SINGAPORE

Ал Пол Тамбая сонымен қатар зерттеу шеңберінде коронавирустың таралуын бәсеңдету мәселесін де зерттегендерін алға тартты.

Нәтижесінде, әңгімелесу кезінде жиһаз бен желдеткіштердің орналасуына қарай әртүрлі болатын ауа айналымының COVID-19-ды жұқтыру ықтималдығына өз әсері бары байқалған.

Сонымен қатар, ғалымдар адамдар арасындағы қашықтық қауіпті элементтердің концентрациясын төмендетуге көмектесетінін анықтаған.

Осы орайда мамандар адамдарды маска режимін ғимараттарда ғана емес, сыртта да сақтауға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін кей адамдарда вирусқа қарсы антидене неліктен қалыптаспайтыны туралы жазған едік.

Одан бөлек, ғалымдар коронавирус инфекциясы ақыл-ой қабілетіне жауап беретін мидың бөліктерін зақымдайтынын анықтағаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1926854-galymdar-koronavirustyn-angimelesu-kezinde-de-zugatynyn-anyqtady-foto/

pixel