Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір әйел қайтыс болған: Ресейде автобус жарылып, 18 адам зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Жарылыс
Видеодан кадр: twitter.com/worldprotest_tg

Ресейдің Воронеж қаласында ішінде 35 жолаушысы бар автобус жарылды. 18 адам жарақат алып, тағы бір әйел қайтыс болған деп хабарлайды ТАСС.

Тергеу комитеті жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтердің дұрыс көрсетілмеуі фактісімен тергеу бастаған.

Бастапқыда 14 адамның зардап шеккені хабарланды. Кейінірек, Воронеж облысының губернаторы Александр Гусеев өзінің Telegram каналында 18 адамның зардап шеккенін, тағы бір әйелдің қайтыс болғанын хабарлады.

"Қайтыс болған әйел туралы деректер жоқ. Оның кім екені белгісіз болып отыр. Жасы 35 шамасында", - деді Гусеев.

Марқұм жарылыс кезіне қатты зардап шеккен, оның аяғы жұлынып кеткен. Үшінші дәрежелі шок алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1926998-bir-aiel-qaitys-bolgan-reseide-avtobus-zarylyp-18-adam-zardap-sekti-video/

pixel