Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Британиялық ғалымдар: Күзде коронавирус тағы да өршуі мүмкін

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Британиялық ғалымдар коронавирусты жұқтыру жағдайларының осы күзде тағы да өршуі мүмкін екенін ескертті деп хабарлайды ҚазАқпарат MedicalXpress-ке сілтеме жасап.

Ғалымдарды бүгінде Ұлыбританияда өршіп тұрған коронавирсутың "дельта" нұсқасы алаңдатып отыр. Олардың ойынша, вирустың бұл түріне вакцина аса әсер етпейді. Сол себепті, Ұлыбритания вакциналаудың одан да жоғары деңгейіне жету керектігі туралы мәселені көтеруде.

AstraZeneca вакцинасын өндіру бойынша Оксфордтық топтың директоры профессор Эндрю Поллард вакцина аурудың таралуын тежеуі мүмкін, алайда оны толығымен тоқтата алмайды деген пікірде.

"Қыркүйек айында коронавирус бойынша ахуал қайта өршиді. Ол бұрынғыдан да бетер болуы мүмкін. Сол себепті қазіргі оптимизм орынсыз", - деді ғалым.

Десе де, АҚШ Ұлттық денсаулық сақтау институттары бастаған топ Moderna вакцинасы екпе алғандарды "дельта" штамынан қорғайтынын мәлімдеп отыр.

Ғалымдардың сөзіне сенсек, зерттеуге қатысқан еріктілердің қан үлгілерінің 96 пайызы "дельта" штамына қарсы антиденелермен толықтай қамтылған.

Сондай-ақ, Сингапур ұлттық университетінің ғалымдары COVID-19-дың жөтелу немесе түшкіру кезінде ғана емес, әңгімелесу кезінде де жұғатынын анықтаған еді.

Одан бөлек, ғалымдар коронавирус инфекциясы ақыл-ой қабілетіне жауап беретін мидың бөліктерін зақымдайтынын анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1927160-britaniyalyq-galymdar-kuzde-koronavirus-tagy-da-orsui-mumkin/

pixel