Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда жүк көліктері дизельді отынның орнына рамен майын пайдалануда

Опубликовано:

Жапония
Фото: Kyodo

Жапондықтар жүк көліктеріне раменнің сорпасынан бөлінген майды құйып әлемді таң қалдыруда деп хабарлайды greenbelarus.info.

Жапонияда жергілікті Nishida Shoun жүк фирмасы дизельді отынның экологиялық таза баламасын ойлап тапты.

Кәсіпорын рамен сорпасынан бөлініп алынған май мен азық-түлікке пайдаланатын майды араластырып, экологиялық таза өнім ойлап тапқан.

Мұндай идеяны компания басшысы Масуми Нисида ұсынған.

Басылымның мәліметінше, қазір бұл қоспамен компанияның тек бірнеше көлігі ғана жүреді. Ал қыркүйек айына қарай олардың саны 170-ке жетеді деп күтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін елде бассейіндер ашылған соң Жапония ғалымдары суға түсуге арналған коронавирустан қорғайтын маска ойлап тапқан еді.

Қорғаныс маскалары түссіз материалдан жасалған, беттің төменгі бөлігін толық жабады, суда сырғып, түсіп қалмайды.

Бетперденің дизайны жүзуге ыңғайлы. Бастапқыда барлық маскалар қолдан жасалған екен. Ішінде 10 данасы бар жиынтықтың бағасы 29 мың иен (шамамен 100 мың теңге) болған.

Мамыр айының ортасында жүзу клубтарының қауымдастығы олардың ыңғайлылығы мен тиімділігін мойындаған. Осы уақыттан бастап Жапонияның түкпір-түкпіріндегі 700 ұйымнан 16 мыңнан астам тапсырыс келіп түскен.

Маусым айында өндіріс кеңейтілгеніне қарамастан, тапсырысты күту үшін бір айдан астам уақыт қажет болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1927651-zapondyqtar-dizeldi-otynnyn-ornyna-ramen-maiyn-paidalanuda/

pixel