Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маса кімді көп шағады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Масалар туралы зерттеу жұмыстары көп жүргізілген. Онда бұрын естімеген қызықты деректер кездеседі. Соның бірі ғалымдар маса адамды таңдап шағатынын дәлелдеген деп хабарлайды Qadam.asia.

Көмірқышқыл газ бен жылу

Барлығымыз дем шығарғанда көмірқышқыл газын бөліп шығарамыз, ал жаттығу, белсенді қозғалыс кезінде оның арта түсетіні белгілі. Масалар болса қоршаған ортадағы көмірқышқыл газының өзгеруін анықтай алады. Көмірқышқыл газының жоғарылауы маса үшін сол аймақта өз "құрбанының" жүргенін білдіреді. Сонымен қатар, O қан тобындағылар басқаларға қарағанда екі есе тартымды екен (A және B).

Біздің денеміз жылу бөліп шығарады, ал тері маңындағы судың булануы қоршаған орта температурасына байланысты өзгереді. Маса адамға жақындағанда жылу мен адам ағзасындағы судың булануын анықтай алады. Бұл да масалар үшін маңызды себебі зерттеулер масаның қалыпты температурадағы адамдарды таңдайтынын көрсеткен.

Зерттеу бойынша адам таңдау кезіндегі басты критерий осы болғанымен масалар адамдарды газ бөлетін басқа заттардан ажырату үшін басқа да сигналдарға жүгінеді.

Түс

Масаларды ашық түстен гөрі қара түс көбірек тартады. Маса әлсіз соққан самал желдің өзінде  ұша алмайды. Сол себепті әрдайым жерге жақын жүруге тырысады. Қара түсті киім адамды ерекшелеп, ал ашық түс болса масаларды шатастырады-мыс.

Жүктілік

Жүкті әйелдерді де маса өзгелерге қарағанда көбірек шағады екен. Бұл жүкті әйелдердің дене қызуы жоғары болуы және көмірқышқыл газын көбірек шығаратындығына байланысты болуы ықтимал.

Спирттік ішімдіктер

Масаларды сыраны жақсы көреді деп кім ойлаған?! Алкоголь, сыра ішкен адамдар масаларға ішпейтін адамдарға қарағанда тартымды болады, дейді ғалымдар.

Неліктен маса шаққан жер қышиды?

Маса шаққан кезде қаныңызға аздаған сұйықтығын енгізеді. Бұл масаның тамақтануы кезінде қан ағымын сақтауға көмектеседі. Сіздің иммундық жүйеңіз масаның сілекейіндегі химиялық заттарға реакция береді: қызару, ісіну және қышу содан болады.

Және ең бастысы маса шаққан жерді қасымаған дұрыс! Қасу шаққан жердегі ісінуді одан сайын күшейтеді әрі теріні зақымдауы ықтимал. Оның орнына теріге салқын зат басуға кеңес береміз. Бұл терінің ісінуі мен қышуына қарсы әсер етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1928536-masa-kimdi-kop-sagady/

pixel