Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"COVID-22 бұдан да қауіпті болады": Белгілі иммунолог үндеу жасады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Коронавирустың жаңа штамдары өрши берсе, бұдан да қауіпті ауру шығуы ықтимал. Бұл туралы Цюрих жоғары техникалық мектебінің иммунологы Сай Редди мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, қазіргі COVID-19 штамдарының тіркесуі эпидемияның жаңа толқынына әкеліп, өлім-жітімді көбейтуі ықтимал.

"Бета" мен "гамма" штамдары жұқпалы бола түседі. Ал "дельта" адамның иммундық қорғанысын айналып кете алады деп ойлаймын. COVID-22 жағдайды қазіргіден де қиындатып жіберуі мүмкін", - деді Сай Редди.

Осы орайда сарапшы дәрігерлер қауымдастығын алдағы қауіп-қатерлерге ертерек мән беруге үндеді. Сонда вакцина өндірушілер өз препараттарын инфекцияға жылдам бейімдей алады, деді Сай Редди.

Бұған дейін АҚШ-тағы Вашингтон университеті жанындағы медицина мектебінің ғалымдары коронавирустың барлық мутациясына тосқауыл қоя алатын антиденені анықтағанын мәлімдеді.

"Ол антидененің басты ерекшелігі сол, аз мөлшерде ауруға қарсы қорғанысы жоғары болады. Болашақта жаңа мутациялар шығады деген қауіп бар. Сондықтан тиімді әрі мықты антиденелер болуы керек", - дейді ғалымдар.

Ал Никосия университетінің ғалымдары коронавирусты ағаш тозаңы алысқа тасымалдай алатынын анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1928680-covid-22-budan-da-qauipti-bolady-belgili-immunolog-undeu-zasady/

pixel