Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылында мұғалімдер мен оқушыларды қандай жаңашылдықтар күтіп тұр

Опубликовано:

сынып
Фото: Sputnik / Стрингер

Білім беру саласындағы жаңалықтар мен проблемалар туралы Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова айтып берді деп хабарлайды Азаттық рухы.

"Бірінші сынып оқушыларына салтанатты линейкада "Әліппе" және "Букварь" тапсырылады.

2-11 сынып оқушылары үшін сынып сағаттары өткізіледі.

Барлық салтанатты іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.

Былтырғыдай білім беру ұйымдарында санитарлық қауіпсіздіктің маңызды шаралары – маскалық режим, санитайзерлер, термометрия қамтамасыз етіледі. Ғимаратты  желдету, кварцтау және ылғалды тазалау режимі күшейтіледі. Оқыту "бір сынып – бір кабинет" қағидаты бойынша жүргізіледі, кабинеттік жүйе болмайды.

Оқушылардың бір – бірімен байланысын қысқарту мақсатында сабақтың басталуы мен үзілістерге қоңырау шалу уақыты жылжымалы кесте бойынша, яғни әр параллель үшін жеке соғылады.

Тамақтану режимі асханының 30% толуымен ұйымдастырылады. Буфет өнімдері жеке қаптамаларда сатылады. Әрбір тамақтан кейін бөлмеде ылғалды тазалау жүргізіліп, желдетіледі.

Егер оқушы немесе мұғалім  ауру жұқтырса, сынып қашықтықтан оқыту форматына көшеді.

Оқушыларға жауапты сақтауға компьютерлік техника беріледі. Бірінші кезекте компьютерлер табыс деңгейі төмен отбасылардан шыққан балаларға тиесілі", - деді ол.

Сонымен қатар Гүлмира Кәрімова мұғалімдер мен оқушылар қауымын тағы қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғанына тоқталды.

"1 қыркүйектен бастап мектеп кестесінде бірінші сынып оқушыларында "Цифрлық сауаттылық" және "Әліппе-Букварь" атты жаңа пәндер пайда болады.

6-сыныпта мұғалімдер мен материалдық база болған жағдайда "Музыка" пәні аясында "Домбыра" курсы ұсынылады.

5-11 сынып оқушылары үшін "Парасаттылық", "Экология", "Сыни ойлау және эмоциялық интеллект", "Медиасауаттылық", "Зайырлылық және дінтану негіздері", "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" атты жаңа курстар енгізіледі. Оқушылар өзіне ұнағанын таңдауға құқылы", - деді Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1928776-zana-oqu-zylynda-mugalimder-men-oqusylardy-qandai-zanasyldyqtar-kutip-tur/

pixel