Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғажайып жағдай": Дельфиндер теңізде 12 сағат бойы қалқып жүрген ер адамды құтқарып қалды

Опубликовано:

Дельфин
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ирландияның Трали шығанағында дельфиндер 12 сағат бойы теңіздің тастай суында қалқып жүрген ер адамды құтқарып қалды деп хабарлайды Daily Mail.

Белгілі болғандай, ер адам 8 шақырым қашықтықты жалғыз өзі жүзіп өтпек болған.

Алайда қашықтықты еңсеруге шамасы жетпей, теңізде 12 сағат бойы қалқып жүрген. Ашық теңіздегі адамды байқаған дельфиндер оған көмекке келіп, айналасында топтасып жүзе бастаған.

Ал жағалау күзетінің қызметкерлері теңіз жағасынан ер адамның заттарын таба салысымен, бұл туралы құтқарушыларға хабарлаған. Құтқарушылар қайықпен және тікұшақпен жоғалған адамды іздеуге кіріскен.

Нәтижесінде 12 сағаттан кейін теңізден төрт шақырым жерде құтқарушылар бір топ дельфиннің жүзіп жүргенін байқайды.

Құтқару кемесінің капитаны О'Коннеллдің сөзінше, теңіз жануарлары ирландиялық азаматтың айналасында топтасып жүзіп жүрген. Оның сөзінше, дельфиндер осылайша ер адамды қорғауға тырысқан.

Құтқарушылар ер адамды судан шығарып, оған алғашқы көмек көрсеткен. Ол әбден ашығып, әлсіреп, тоңып қалған екен. Ирландиялық дереу ауруханаға жеткізілген.

Сонымен қатар, құтқарушылар дельфиндер болмағанда, ер адамды дер кезінде тауып, құтқарып қалу екіталай еді деген пікірде.

Ерікті құтқарушы Джеки Мерфидің айтуынша, тастай суда ұзақ уақыт болған ер адамның аман қалуы ғажайып жағдай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1928954-delfinder-tenizde-12-sagat-boiy-qalqygan-er-adamdy-qutqaryp-qaldy/

pixel