Өзіне шимпанзені "ғашық етіп қойған" әйелді зообақ қызметкерлері қара тізімге енгізді (видео)
Жарияланған күні:
Бельгияның Антверпен қаласында зообақ басшылығы келушілердің бірін қара тізімге енгізіп, оның зообаққа кіруіне тыйым салуға мәжбүр болды. Мұндай шешім қабылдауға келушіні зообақтағы шимпанзелердің бірі қатты ұнатып қалуы себеп болған деп хабарлайды Daily Mail.
Хайуанаттар бағының басшылығы тұрақты келушілердің бірін 38 жастағы Чита есімді шимпанземен тым жылы қарым-қатынаста болғаны үшін енді зообаққа жолатпауды ұйғарған.
Себебі, Читаның адамдарды жақын тартуы өзге шимпанзелерге ұнамай, олар Читаны орталарына қоспай қойған екен.
Читаның хайуанаттар бағына жайғастырылғанына 30 жылдың жүзі болған. Оған дейін Чита адам қолында өскен, бірақ жануарды одан әрі бағу иесіне қиынға соққасын, ол шимпанзені хайуанаттар бағына өткізген.
Алайда Чита өзге шимпанзелермен "тіл табасы алмаған". 2008 жылы Чита олармен төбелесіп, ауыр жарақат алған.
Уақыт өте келе шимпанзелер Читаны біртіндеп өз ортасына қабылдай бастағанда, жағдайды Эди Тиммерманс есімді әйел ушықтырған.
Ол төрт жыл қатарынан апта сайын зообаққа келіп, шимпанземен жылы қарым-қатынас орнатып үлгерген. Әйел мен шимпанзе бір-біріне зообақта қол бұлғап, тіпті шимпанзе Эдиді "жақсы көретінін" байқата бастаған.
Дегенмен хайуанаттар бағының қызметкерлері әйелге жануарға баруға қатаң тыйым салып отыр, өйткені басқа шимпанзелер Читаны өз тобына қоспай, Чита күніне 15 сағатқа дейін жалғыз отыратын көрінеді.
"Мен бұл жануарды жақсы көремін, ол мені жақсы көреді. Одан басқа менде ешкімім жоқ. Неге олар менен оны тартып алғысы келеді?", - деп күйінді Эдди Тиммерманс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1928967-ozine-simpanzeni-gasyq-etip-qoigan-aieldi-zoobaq-qyzmetkerleri-qara-tizimge-engizdi-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.