Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шағын автобусты жекежайға айналдырған азаматқа ел тәнті болды

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: tiktok.com/@vanlifebuilds

Ұлыбританияда шағын автобусты таңғажайып үйге айналдырған шебер әлеуметтік желілерде ел назарына түсті деп хабарлайды Life.ru.

TikTok әлеуметтік желісінде Van Life Builds жобасы асқан танымалдылыққа ие болған. Жақында ғана жобаның негізін қалаушылардың бірі Уэйн командасымен бірге шағын автобусты ғажайып үйге айналдырғанын көрсеткен.

Небәрі бір-екі апта ішінде 20 секундтық роликті 40 миллионнан астам адам көріп үлгерген. Желі қолданушылары ерекше жағдай жасалған көлік иесіне қатты қызыққандарын жасыра алмауда.

Уэйннің бұл жұмысы осыған дейінгі жобаларының ішіндегі ең танымалы деуге болады. Дегенмен оның көмекшілерімен бірлесіп, шағын автобустарды үйге айналдырып жүргеніне екі жылдай болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлыбританияда азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар екіқабатты автобус сатып алып, оны ерекше сәнді үйге айналдырғанын жазған едік.

26 жастағы Чарли МакВикар мен 27 жастағы Люк Уокер үй салатын жер болғанына қарамастан, автобусты үйге айналдыруды ұйғарған.

Автобустың өзі небәрі 3470 долларға түскен, ал ондағы жөндеу жұмыстарына 20 830 доллар жұмсалыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1929030-sagyn-avtobusty-zekezaiga-ainaldyrgan-azamatqa-el-tanti-boldy/