RU

Бір-бірін 36 жыл көрмеген қос ғашық желі арқылы қайта табысып, шаңырақ көтерді

Той
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбританияда бірнеше жыл бойы көріспеген қос ғашық 36 жылдан кейін қауышты. Бірін-бірі әлі де сүйетінін түсінген олар үйленуге бел буған деп хабарлайды Lenta.ru.

Роланд пен Лиза Лолер Оңтүстік Уэльстегі Барри аралында қосымша жұмыс істеп жүргенде танысқан. Сол кезде 18 жастағы қыз даяшы, 20 жастағы жігіт аспаз болып еңбек еткен. Олар бір-біріне бір көргеннен ғашық болған. Алайда жазғы демалыс аяқталып, төрт айдан соң үйлеріне қайтқан.

Араларының алыстығына қарамастан қос ғашық ортақ болашағын армандап, үнемі хат жазысып тұрған. Алайда бір жылдан кейін Роланд әскерге кетіп, екеуінің байланысы үзіліп қалған.

13 жыл бойы әлемді шарлаған Роланд бір сәтке де сүйіктісі Лизаның суретін тастамаған көрінеді. Бойжеткен де жігітті үнемі есіне алып, оны жалғыз махаббатым деп есептеген.

Дегенмен Роланд өзге аруға үйленіп, ұлы өмірге келген. Алайда ерлі-зайыптының некесі 14 жылдан кейін бұзылған екен. Лиза да шаңырақ көтеріп, екі қыздың анасы болған. Алайда бірнеше жылдан кейін өз қалауымен ажырасып кеткен.

Осылайша, 2020 жылдың тамыз айында Роланд Facebook әлеуметтік желісі арқылы алғашқы махаббатын тапқан. Небәрі бес күннен соң кездескен екеуі бірін-бірі әлі де сүйетінін түсінген.

Жаңа жыл қарсаңында Роланд ғашығына үйленуге ұсыныс жасап, тойларын алғашқы кездесу орнынан 25 шақырым жерде өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1929041-bir-birin-36-zyl-kormegen-qos-gasyq-zeli-arqyly-qaita-tabysyp-sanyraq-koterdi/