Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақшасына тікұшақтың қонуына рұқсат берген әйел әйгілі Том Крузбен кездесті (фото)

Опубликовано:

Том Круз
Том Круз. Фото: Элисон Уэбб

Ұлыбританияның Багинтон ауылында бақшасына тікұшақтың қонуына рұқсат берген әйел ойламаған жерден әйгілі актер Том Крузбен танысқан деп жазады Life.ru.

Өткен аптада Багинтон тұрғыны Элисон Уэбб есімді әйелге бейтаныс адамдар хабарласып, бақшасына "VIP қонақтың" тікұшағына қонуға рұқсат беруін сұраған.

Келіншектің үйінен бірнеше шақырым жерде әуежай болғанымен, қазір оның уақытша жабық екені белгілі болыпты.

Осыдан кейін Элисон ерекше қонақты қабылдауға келісіп, оның қашан көктен түсетінін тағатсыздана күткен. Уақыт жетіп, тікұшақ бақшасына қонған сәтте британиялық таңданысын жасыра алмапты. Өйткені, оның қарсы алдында әйгілі актер Том Круз тұрған.

"Мен бақшамыздан тікұшақты көрсе, балаларыма қызық болар деп ойлап, қонуға рұқсат берген едім. Том Круз түскен кезде қатты таңғалдым! Ол балаларға жақындап, сөйлесті. Содан кейін бізге рақметін айтты", - дейді Элисон Уэбб.

Том Круз
Фото: Элисон Уэбб

59 жастағы актер көмек көрсеткені үшін Элисонға алғыс айтып, балаларымен суретке түскен. Тіпті, оларды тікұшаққа мінгізіп, Багинтонды әуеден тамашалатқан.

Том Круз "Миссия невыполнима" фильмінің қорытынды бөліміне түсу үшін Англияға келгені белгілі болды. Түсірілім жұмыстары бірер жыл бұрын басталған. Алайда пандемия салдарынан түсірілімді уақытша тоқтата тұруға тура келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1929060-baqsasyna-tikusaqtyn-qonuyna-ruqsat-bergen-aiel-aigili-tom-kruzben-kezdesti-foto/

pixel