Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 қыркүйек: Мектеп оқушылары үшін таңғы асқа қандай тағам жеген пайдалы

Опубликовано:

таңғы ас
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік диетолог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Елена Соломатина мектеп оқушылары үшін таңғы асқа қандай тағамдарды тұтынған пайдалы екенін айтты деп жазады Sputnik радиосы.

Соломатинаның сөзінше, ұзақ уақыт демалыстан кейінгі алғашқы апталар организмге ауырлық түсіреді. Осыған байланысты ағзаға көмектесу қажет.

Маман оқушыларға таңғы асқа В витамині бар тағамдарды тұтынуға кеңес береді.

"Ол дәнді және қарабидай нандарында бар. Сондай-ақ, В витамині дәнді ботқаларда болады. Бұл витаминдер бүкіл жүйке жүйесі үшін "допинг" десек те артық емес. Өйткені В тобындағы витаминдерсіз метаболикалық процесс жүрмейді", - дейді дәрігер.

Диетологтың айтуынша, сонымен бірге, оқушылар күн сайын таңертеңгісін миды сергітуге және оның танымдық функцияларын арттыруға ықпал ететін өнімді тұтынғаны абзал.

"Ең алдымен бұл жұмыртқа, әсіресе оның сарыуызы. Себебі сарыуызда холин бар, ал ол ацетилхолиннің бастамашысы. Ацетилхолин - нейрондар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін нейромедиатр болып саналады", - дейді Елена Соломатина.

Айта кетсек, бұған дейін Елена Соломатина ми жұмысын жақсартатын өнімдерді атаған болатын.

Оның сөзінше, мидың жақсы жұмыс істеуі үшін тамақтың құрамында холиннің жеткілікті мөлшерде болуы маңызды.

Маман аталған дәрумен жұмыртқаның сарысында, қой етінде, сұлы мен түрлі-түсті қырыққабатта болатынын айтады.

Одан бөлек, мидың жақсы жұмыс істеуі үшін В12 дәрумені мен темірге бай өнімдерді де жиі тұтыну керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1929760-mektep-oqusylary-tangy-asqa-ne-zeui-kerek-dariger-kenes-berdi/

pixel