Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түндегі тершеңдік қауіпті дерттің белгісі болуы мүмкін

Опубликовано:

Тершеңдік
Көрнекі фото: pravda.ru

Түндегі тершеңдік қанның қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін. Тиісті зерттеуді Blood Cancer UK британиялық қайырымдылық ұйымы жүргізген деп жазады РИА ФАН.

Лейкемияға шалдыққан адамның түні бойы терлеуі тұрақты құбылыс.

Ғалымдар осы патологияның бар-жоғын анықтау үшін қанның қатерлі ісігіне шалдыққан екі мыңнан астам науқас арасында сауалнама жүргізген.

Респонденттердің 31 пайызы диагноз қойылғанға дейін түнде терлегенін байқаған.

Британиялық ғалымдар мұндай симптомды елемеуге болмайды, дейді. Мамандар түнде көп терлесеңіз, дереу дәрігерге көріну қажеттігін айтады.

Дегенмен олар тершеңдік ағзаның аурумен күресіп жатқанын да білдіретінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1929784-tundegi-tersendik-qauipti-derttin-belgisi-boluy-mumkin/

pixel