RU

425 млн теңге өтемақы төленеді: Ер адам жасамаған қылмысы үшін 20 жыл түрмеде отырған

Джо
Видеодан кадр: YouTube / TG2000

АҚШ-та адам өлтірді деген айыппен өлім жазасына кесілген ер адам 20 жылдан соң ақталып шықты. Анықталғандай, оның кісі өліміне еш қатысы болмаған деп жазады Life.ru.

Басылымның мәліметінше, 1988 жылы Огайо штатында кісі өлімі болған. Күдікті ретінде Джо Д'Амброзиодан бөлек, тағы екі адам назарға іліккен.

Күдіктілердің бірі келісімге келіп, Д'Амброзиоға қарсы куәлік берген. Нәтижесінде Джо өлім жазасына кесілген. Ал қарсы куәлік берген адам 12 жылға бас бостандығынан айырылған.

Алайда 2006 жылы Д'Амброзионың ісі қайта қаралған. Тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталған.

Тек 2011 жылы ғана Джодан барлық айыптаулар алынып, 2013 жылы ол бостандыққа шыққан. Дегенмен Кайахога аймағының прокуроры Майкл О'Мэлли 2021 жылға дейін ер адамның заңды негізде өлім жазасына кесілгенін айтып келген.

Дүйсенбі, 30 тамыз күні Огайо штатының Бақылау кеңесі барлық қарсылықты қабылдамай, Джо Д'Амброзиоға 1 млн доллар (шамамен 425 млн теңге) өтемақы төлеуге дауыс берген.

Өтемақы заңсыз бас бостандығынан айырылғаны үшін мемлекеттік қордан төленеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысында қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин ақталып шыққанын жазған едік.

Ақталып шыққан шенеунікке өтемақы төлеуден бөлек, бір жылдан аса жұмыстан шеттетілгеніне байланысты төрт миллион теңгеге жуық жалақысы өндіріп берілетіні хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1930110-425-mln-tenge-otemaqy-tolenedi-er-adam-zasamagan-qylmysy-usin-20-zyl-turmede-otyrgan/