Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Студенттің баласын қолына алып, дәрісін жалғастырған профессорге жұрт сүйсінді

Опубликовано:

Профессор
Кадр: becauseofthem

АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтында студенттің баласын қолына алып, дәрісін жалғастырған профессор көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Дикс есімді профессор студенттің тоғыз айлық баласын қолына алып, дәрісін жалғастырған. Ол, осылайша сәбидің анасы дәрісті мұқият тыңдап, білім алуына ешқандай кедергінің болмауына жағдай жасағысы келіпті.

Белгілі болғандай, студент баласына қарайласатын адам таппағасын, профессорға өз жағдайы туралы хабарлаған. Дикс "студентіне еш уайымдамастан баласымен дәріске келе беруіне рұқсат беріп, тіпті оған өзі қарайласытынын" айтыпты.

Бұл жайттың видеосы Instagram желісінде жария болып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Олар студенттің жағдайына түсіністікпен қарап, көмек қолын созған профессорға мақтауларын жаудырды.

"Балақайлар жақсы адамды сезе біледі, өзін еркін ұстап тұрғаны бұған дәлел. Керемет", "Бүлдіршін мәз", "Профессор Дикстің бұл көмегі талай анаға керек ау", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Еске салсақ, бұған дейін оқушыларына сабақ түсіндірудің оңтайлы әдісін тапқан мұғалім желіде жұлдыз болғанын жазған едік.

Ол қандай да бір дыбыстың қалай айтылу керектігін оқушыларға анық көрсету үшін планшет камерасын пайдаланып, аузын барынша үлкейтеді.

Одан бөлек, қызының көңілін көтеру үшін әйелдерше киінген ер адам жұрттың жүрегін елжіреткенін жазған болатынбыз. Желі қолданушылары кішкентай қызын еркелете білген ер адамға ерекше тәнті болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1930203-studenttin-balasyn-qolyna-alyp-darisin-zalgastyrgan-professorge-zurt-suisindi/

pixel