Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нидерландыда фастфудқа заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін

Опубликовано:

Бургер
Көрнекі фото: pixabay.com

Нидерландыдағы бес ірі қаланың билігі фастфуд мейрамханаларына зиянды тағамдарды жеткізуге заң жүзінде тыйым салып, мұндай орындардың санын қысқартпақ деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылым мәліметінше, Амстердам, Гаага, Роттердам, Утрехт және Эде қалаларының билігі фастфудқа қарсы шыққан.

Жергілікті әкімшілік өкілдері Денсаулық, әл-ауқат және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік хатшы Пол Блокхейске тиісті хат жолдаған. Хатта олар зиянды тағамдар ұсынатын мейрамханалар санын реттеуге қатысты өкілеттігін кеңейтуді сұраған.

Қазіргі уақытта муниципалитеттердің тұрғындардың тамақтану әдетіне ықпал етуге және нарықтағы зиянды өнімдер санын қысқартуға мүмкіндігі төмен.

Осыған қарамастан аталмыш қалалар голландықтар арасында кеңінен тараған семіздік ауруымен күресті күшейтуге тырысып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін дәрігер Крис ван Туллеке фастфуд өнімдеріне эксперимент жасап, оның ағзаға қаншалықты зиян екенін анықтаған еді.

Ол бір ай бойы тек фастфудпен тамақтанған.

Нәтижесінде бір айдың ішінде Крис ван Туллеке бірден 7 келі салмақ қосып, денсаулығының нашарлағанын сезінген. Асқазанында қыжыл пайда болып, геморройы асқынып кеткен.

Сондай-ақ, әлсіздік, үнжырғасы түсу, шаршау сынды депрессиялық көңіл-күйдің белгілері байқала бастаған. Одан бөлек, дәрігер тәжірибе жасау кезінде түн ұйқысы бұзылғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1930208-niderlandyda-fastfudqa-zan-zuzinde-tyiym-salynuy-mumkin/

pixel