Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең қымбат қалалар анықталды

Жарияланған күні:

Шанхай
Фото: pixabay.com

Julius Baer компаниясының сарапшылары 2020 жылдың әлемдегі ең қымбат қалалар тізімін жасады. Көш басында Қытайдың Шанхай қаласы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сарапшылар тізімді құру кезінде әлемнің 25 қаласындағы қалталылар сатып алатын 20 түрлі тауардың тұтыну бағасының индексін салыстырған.

Нәтижесінде қалталылардың сұранысына ие техника бағасы мен медициналық қызметтер пандемия дендеген уақытта яғни 2020 жылы Шанхайда орта есеппен алты пайызға өскені анықталған. Ең көп қымбаттағаны әуе билеттері болып шықты. Олардың құны 82 пайызға артқан.

Осылайша Шанхай тізімде көш басына жайғасып отыр. Ал екінші орында Токио. Үздік үштікті Гонконг тәмәмдады.

Julius Baer сарапшылары әлемдегі ең қымбат өңірдің Азиядан шығуын аймақ экономикасының Еуропа және АҚШ-пен салыстырғанда пандемиядан кейін тез қалпына келгендігімен түсіндіреді.

Десе де Монако, Цюрих, Париж, Лондон сынды бірқатар Еуропа елдері де ең қымбат қалалар қатарынан табылып отыр.

Сонымен, ең қымбат он қаланың тізімі келесідегідей:

  • 1 - Шанхай
  • 2 - Токио
  • 3 - Гонконг
  • 4 - Монако
  • 5 - Тайпей
  • 6 - Цюрих
  • 7 - Париж
  • 8 - Лондон
  • 9 - Сингапур
  • 10 - Нью-Йорк

Мәскеу қаласы бұл тізімде 18-орынға жайғасқан.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы ТМД-дағы "ақылды" қалалардың арасында екінші орынды иеленгенін жазған едік.

Одан бөлек, Қазақстанда қалалар келбетінің стандарты енгізілетінін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1930244-alemdegi-en-qymbat-qalalar-anyqtaldy/