Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Артық салмақ пен әжімдерден арыласыз: Бананды жеудің бес пайдасы қандай

Опубликовано:

Банан
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алмадан да арзан тұратын банандарды күнделікті жеп тұрудың пайдалы тұстары туралы "Доктор Питер" басылымы жазды.

Бананды күнделікті жеп тұру адамның денсаулық жағдайын жақсартатыны анық. Десе де оны шамадан тыс пайдаланудан алуақ болу керек. Себебі, артық мөлшерде бананды тұтыну ішіңіздің желге толуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Сонымен, көпшіліктің сүйікті жемісіне айналып үлгерген бананның бес пайдалы қасиеті қандай?

1. Банан әжімдермен күреседі

Бір бананның құрамында марганецтің тәулікті нормасының 13%-ы бар. Марганец ми мен жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп қанай қоймай, терінің жағдайын жақсартып, әжімдерден қорғайтын коллаген өндіреді.

2. Банан ішек денсаулығы үшін қажет

Ғалымдар банандарда резистенттік крахмал бар екенін дәлелдеді. Крахмалдың өзі айтарлықтай пайдалы емес екені белгілі. Бірақ резистенттік крахмал тоқ ішектің денсаулығын сақтау үшін маңызды болып табылатын қысқа тізбекті май қышқылдарын шығаруға көмектеседі.

3. Бұлшықеттің тартылуын болдырмайды

Өздеріңіз білетіндей, бұлшықеттің тартылуы ағзадағы минералды заттардың тепе-теңдігі бұзылған кезде пайда болады. Осы орайда банандардың құрамында ағзадағы су-тұз балансын сақтауға көмектесетін маңызды электролиттер бар.

4. Банан ағзадағы артық тұзды кетіруге көмектеседі

Банандарда калий көп. Өздеріңіз білетіндей, бұл микроэлементтер денеден артық тұзды тез шығаруға көмектеседі. Артық тұздың жиналуы ісінуге, қысымның жоғарылауына, бас ауруына әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, калий су балансы мен сұйықтықтың таралуына, жүрек пен бүйректің жұмысына қатысады, қан қысымын қалыпқа келтіреді, инсульт пен инфаркт қаупін азайтады.

5. Артық салмақтан арылуға көмекші

Банандар калориялы болғанымен, олар салмақты бақылауда ұстауға көмектеседі, себебі құрамында антиоксиданттар бар банандар ас қорытуды баяулатады және тоқтық сезімін тудырады. Бұл өз алдына артық тағам жеп қоюды болдырмайды. Десе де әбден пісіп-жетілген банандарды көп мөлшерде жеуден аулақ болу керек.

Банан туралы қызықты деректер:

Латекске аллергиясы бар адамдарға банан кері әсер етуі мүмкін.

Банан қабығын да пайдаға жаратуға болады. Оны өсімдіктерге тыңайтқыш ретінде қолдана аласыз, сондай-ақ бананның қабығынан дәмді квас әзірлеуге болады.

Банан қабығы күнделікті өмірде де қолданылады - мысалы, күміс бұйымдарды тазарту үшін.

Банан қабығының ішкі жағын маса шаққан орынды немесе көгерген жерді қайтару үшін де қолданып жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1930611-artyq-salmaq-pen-azimderden-arylasyz-banandy-zeudin-bes-paidasy-qandai/

pixel