RU

Еуроодақ саяхатқа рұқсат етілген мемлекеттер тізімінен 6 елді шығарып тастады

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Еуропалық Одақ Албанияны, Арменияны, Әзірбайжанды, Брунейді, Жапонияны және Сербияны COVID -19 пандемиясы кезінде қосымша саяхатқа рұқсат етілген елдер тізімінен алып тастады. Бұл туралы ЕО Кеңесінің бейсенбі күні таратқан хабарламасында айтылды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеңес қосымша сапарларға шектеулер уақытша алынып тасталуы тиіс елдер мен аумақтардың тізімін жаңартты. Атап айтқанда, Армения, Әзірбайжан, Албания, Сербия, Бруней мен Жапония бұл тізімнен шығарылды», - делінген хабарламада.

Осы шешіммен ЕО Кеңесі Уругвайды рұқсат етілген елдер тізіміне қосты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың "Му" атты жаңа түрі тарала бастағанын мәлімдеген еді.

Коронавирсутың "Му" нұсқасы B.1.621 атымен де белгілі. Ол әлемнің 39 елінде таралып үлгерген соң 30 тамызда ДДСҰ оны бақылаудағы аурулар тізіміне енгізуді ұйғарған.

"Му" алғаш рет Колумбияда 2021 жылдың қаңтарында тіркелген. Содан бері инфекция әлемнің талай түкпіріне таралып үлгерген. Олардың арасында, Ұлыбритания, АҚШ, Гонконг, Еуроодақ елдері бар.

ДДСҰ коронавирустың жаңа мутациясын дертпен ауырып шыққандар да, вакцина салдырғандар да жұқтыруы мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1931354-euroodaq-saparga-ruqsat-etilgen-memleketter-tiziminen-alty-eldi-sygaryp-tastady/